
Ақмола облысында жаңа май зауыты іске қосылады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Бота-2015» ЖШС өсімдік майын өндіретін ірі зауыттың құрылысы аяқталып келеді. Бұланды ауданының Макинск қаласындағы заманауи зауыт майлы дақылдарды қайта өңдеуді қамтамасыз етеді және дайын өнім өңделген күйінде көрші елдердің нарығына экспортталатын болады. Жоспар бойынша нысан жыл соңына дейін тапсырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қытай билігі Ресеймен шекаралас қалада локдаун енгізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда Ресейдің Забайкальск өлкесімен шектесетін Ішкі Моңғолия (ІМАА, Солтүстік-Шығыс Қытай) автономиялық ауданының Маньчжоули қаласында ішінара локдаун енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 індетінің алдын алу және бақылау жөніндегі муниципалды жедел штабтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы ауруханалар тыныс алу аппараттарымен толықтай қамтылған
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты медициналық мекемелер таяуда 58 өкпені жасанды желдету аппараттарымен толықты. Отандық өнім өндіруші компания жасап шығарған ИВЛ аппараттарымен 24 медициналық ұйым жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда эпидемиологтар COVID-19-ға қарсы күрес жұмыстарын күшейтуде
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Ордабасы, Бәйдібек және Отырар аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары мен аудандық аурухана қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарын одан әрі күшейту үстінде. Инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында эпидемиологтар мен инфекционист дәрігерлер Zoom бағдарламасы арқылы өзекті сұрақтарына жауап алып, өзара тәжірибе алмасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада Алаш тасжолы көпірінде қозғалыс шектеледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 23 қараша күні сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін Алаш тас жолы (Бөгенбай батыр көпірі) көпірінің оң жақ шеткі жолағының Уәлиханов көшесінен орталық базарға дейінгі бөлігін жабу жоспарлануда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ақмола облысында жергілікті тауарлардың өндірісі артып келеді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бірінші қажеттілік өнімдеріне баға белгілеу мәселелері жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында. Арнайы құрылған жедел штабтар күн сайын мониторинг жүргізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша Жол картасын іске асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау қашан басталуы мүмкін - сарапшы пікірі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінде әлем жұртшылығын коронавирусқа қарсы вакцинаның әзірленуі мен халықты жаппай вакцинациялау мәселесі толғандырып отыр. Бұл ретте әлемдік деңгейдегі бірнеше компанияның вакцина жасап жатқаны және препараттың таяу уақытта шығарылатындығы да белгілі. Вакцина жасау ісімен айналысып жатқан елдердің қатарында Қазақстан да бар. Бұған қоса, еліміз Ресеймен бірлесіп, COVID-19-ға қарсы вакцина шығаратын өндірісті жолға қою мәселесін де пысықтауда. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан шығуы мүмкіндігіне қатысты ойымен бөлісті.

G20 елдерінің басшылары коронавирус вакцинасы тең таралуын қаржыландыруға ниетті
БЕЙЖІҢ. ДУБАЙ. ВАШИНГТОН. ТАСС – ҚазАқпарат - Жексенбідегі онлайн-саммитте Үлкен жиырмалыққа (G20) кіретін ел басшылары коронавирусқа қарсы вакциналар мен дәрі-дәрмектердің, сондай-ақ кедей елдер де көмек алуы үшін коронавирус инфекциясына тестілердің тең дәрежеде бөлінуін қаржыландыру міндеттемесін қабылдауға ниетті. Бұл туралы G20 коммюнике жобасында хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмолада цирк студиясының тәрбиеленушісі республикалық байқауда гран-при жеңіп алды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бұланды аудандының Макинск қаласындағы «Виртуоз» халықтық цирк студиясының қатысушысы Яна Тарасюк балалар мен жастардың шығармашылық байқауы – «THE BIRTH OF A STAR» республикалық онлайн фестивалінің гран-при иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қарсыласын 43 секундта нокутқа түсірген Серік Мұсаділовтің рейтингісі жоғарылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (8-0, 8 КО) соңғы кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберген соң беделді Boxrec.com сайтының рейтингісіндегі орны жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Грузиядағы биліктегі партия парламент сайлауында жеңіске жетті
ТБИЛИСИ. НОВОСТИ-ГРУЗИЯ – ҚазАқпарат – 21 қарашада Грузиядағы парламент сайлауының екінші туры аяқталды. Биліктегі «Грузин арманы» партиясының кандидаттары 17 бір мандатты округте озып шығып, жеңіске жетті. Грузияның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) сайтындағы алдын ала мәліметтер осындай, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости-Грузия» сайтына сілтеме жасап.

Еуроодақ лидерлері «Үлкен жиырмалық» саммиті алдында ЕО басымдықтары туралы айтты
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Лайен және Еуропалық Кеңес басшысы Шарль Мишель бүгін Брюссельде өткен саммит барысында G20 лидерлерінің виртуалды саммитінің алдында ЕО басымдықтары туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көкшетауда «Абылай ханның қара жолы» республикалық конференциясы өтті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі және Мағжан Жұмбаев атындағы Ақмола облыстық әмбебеп ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Абылай ханның қара жолы» республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай