
Теледебат: Саяси партиялар қоғамның қандай проблемаларын шешуді көздеп отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Qazaqstan» ұлттық арнасында өткен теледебатта сайлауға түсетін бес саяси партияның мүшелері өз жақтастары нақты қандай мәселелерді шешуді көздеп отырғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спутник V» вакцинасын сақтау үшін Қазақстан емханалары термобокстар сатып алады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті коронавирусқа қарсы ресейлік «Гам-Ковид-Вак» («Спутник V») жаңа вакцинасының ерекшеліктері туралы айтып берді. Қазіргі уақытта вакцинаны сақтау және логистика мәселесі шешілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік «Спутник V» вакцинасы неліктен Қарағандының фармкешенінде өндірілуде
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды фармацевтикалық кешені (ҚФК) COVID-19-ға қарсы вакцина шығаратын алаң ретінде таңдалды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында мұнда ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы үлгісі шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы алдымен кімдерге егіледі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков Қарағандыда өндірілетін «Спутник V» вакцинасы ерікті негізде ең алдымен, қай санаттағы адамдарға егілетіндігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бельгияда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші болып Қарттар үйлеріне жеткізіледі
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияда 2020 жылғы 28 желтоқсаннан бастап халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады. Алғашқы мақұлданған антидот Pfizer және BioNTech әзірлеген препарат болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Құқық қорғау органдарын реформалау қоғамның зор қызығушылығын тудырып отыр - Рогов
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –«Қазақстандағы құқық қорғау және сот жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел барысында, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов Қазақстандағы құқық қорғау және сот жүйесін модернизациялаудың маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантин: Елордада сот қаулысымен 2 ойын-сауық мекемесі жұмысын тоқтатты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантиндік шараларды өрескел бұзған «Alanya» түнгі клубы мен «Janym Sol» караоке-барының жұмысы сот шешімімен тоқтатылды. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметте «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау бойынша 2020 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада биіктігі 6 метрлік эко-шырша тоқылып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда биіктігі 6 метрлік эко-шыршаны тоқу бойынша флешмоб бастау алды. Бүгінде челленджге еліміздің бүкіл өңірінен еріктілер жұмылуда. ҚазАқпарат бұл туралы елорда әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Аймағамбетов: Қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыруды балабақша мен мектептен бастаймыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі, орта және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту ісіне басымдық беруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңірін сауықтыру мақсатындағы қарарды қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Семей өңірінің халқын сауықтыру, қоршаған ортасын қалпына келтіру және экономикасын дамыту мақсатындағы Халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру туралы Қазақстан бастамашылық еткен қарарды бірауыздан қабылдады.
COVID-19: Мерекеде Ақтөбе облысының демалыс орындарына бақылау күшейтіледі
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин алдағы күндері мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысын қатаң бақылауды тапсырды. Мобильді топ жұмысты күшейтеді. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Ауыл партиясы» Павлодар өңірінде болды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Ауылдан ауылға» үгіт-насихат науқаны шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің, Павлодар облыстық және аудандық мәслихаттарына депутаттыққа «Ауыл» партиясынан кандидаттар Н.Арсютин, Е.Тоқтушаков, Б.Аманжолов, К. Шапуов, Н. Жүсіпова, Д. Қасенов, В.Поляков, Д. Нұрсейітов, Ф. Лохашева Шарбақты ауданы Орловка кентінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25 желтоқсаннан Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 25 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда жалғызбасты қарияларға арналған қайырымдылық акциясы басталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жалғызбасты қарт адамдарды қолдауға бағытталған «Ғажайып Аяз ата» жаңажылдық мерекелік акциясы басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында қала волонтерлері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар салық рақымшылығы аясында 10 млрд теңгеден астам салық төледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департтаменттерінде құрылған арнайы комиссиялар негізгі салық сомасын төлеген жеке тұлғаларға 2020 жылдың 27 тамызынан бастап өсімпұлдарды есептен шығаруға кіріскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтарына өз құқығын қорғау жеңіл болмақ – ГФР өкілі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Берлин әкімшілік сотының судьясы, «Орталық Азия елдерінде құқықтық мемлекеттілікті орнатуға септесу» (GIZ) бағдарламасының директоры, аталған ұйымның Қазақстан мен Өзбекстандағы өкілі Йорг Пуделька Қазақстандағы құқықтық жүйенің реформасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Nur Otan: Ақтөбе облысының барлық ауылы ауыз сумен қамтылады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Алдағы бес жылда Ақтөбе облысының барлық ауылына ауыз су жеткізіледі. Бұл туралы Алға аудандық коммуналдық мекеме қызметкерлерімен онлайн кездескен Nur Otan партиясынан Ақтөбе облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлан Давлетов айтты.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай