
Конькимен жүгіру: Әлем кубогында жас спортшылар 2 медаль алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австрияның Инсбурк аймағында конкьимен жүгіру бойынша жастар арасында әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қазақстандық жас атлеттер ел қоржынын екі медальмен толықтырды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қызылорда – Жезқазған жолы қашан жөнделеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында киелі жерлерге апаратын жолдар жөнделеді. Биыл екі кесенеге жайлы жол салу көзделіп отыр. Ауыл ішіндегі жолдарды ретке келтіру жалғасады. Осакаровка және Нұра арасындағы нашар жол қалпына келеді. Жалпы алғанда, республикалық, облыстық және жергілікті трассаларда 1 400 шақырымға жуық жол жөнделеді. Алдағы маусымға арналған жоспар туралы Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Саят Шаймин айтып берді.

Қарағанды облысында тұратын ауыл ақсақалы өзінің ерекше қабілетімен таң қалдырды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Ақжал кентінде тұратын зейнеткер Алшынбай Мұқышев туған ауылында жастарға үлгі көрсетуде. Ол болашақ ұрпаққа рухани және физикалық денсаулықты насихаттайды. Қажымұқан Мұңайтпасовтың ізін басып келе жатқан ауыл тұрғыны туралы біздің тілшіміз айтып береді.

Шаттық Өтебалиева: Мықты ұрпақ – ел ертеңінің кепілі
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде еліміздің алдында тұрған басты міндеттерді атап көрсеткен болатын. Осыған орай Орал қаласы білім бөлімі мектептен тыс жұмыс орталығы директорының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Шаттық Өтебалиева ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді.

Тараздық полицей: Әріптесім көз алдымда оққа ұшып көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл қаңтардың басында еліміздің бірнеше өңірінде жаппай тәртіпсіздік болды. Өкінішке қарай, сол оқиғалар кезінде полиция мен бүлікшілер арасындағы қақтығыстан 225 адам көз жұмды. Осы орайда Жамбыл облысының уческелік инспекторы, полиция капитаны Нұрсұлтан Қозиев басынан кешкен жайтты ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Банк картасындағы ақшаңыздан айырылып қалмас үшін не істеу керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Банк картасы – қазіргі заманның ажырамас бөлігі. Сенімді қорғалғанына қарамастан алаяқтар азаматтарымыздың деректері мен ақшасына қол жеткізуге тырысады. Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірнеше ақыл-кеңес ұсынды.

Мектеп оқушыларын онлайн оқыту қаншалықты тиімді – мұғалімнің пікірі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі карантин талаптарына сәйкес мектеп оқушылары онлайн, яғни қашықтан оқу форматына көшті. Осы орайда ұстаздар қауымының онлайн оқу форматына қатысты пікірі қандай және қашықтан оқудың қандай қиыншылықтары бар? Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне елордадағы №67 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Марал Нөгербекова айтып берді.
Елімізде ветеринарлардың жалақысын көтерудің бірнеше жолы қарастырылып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария саласы жүйесін реформалауды 2022-2026 жылдарға жоспарланып отыр. Салаға қатысты шешімін табуы тиіс мәселенің бірі маман даярлау және олардың жалақысы. Ветеринария саласы жүйесін реформалау барысында аталған мәселе қалай шешімін таппақ? Ол туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы Алтынбек Үркінбаев айтып берді.

Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осыдан дәл 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау туралы өтінішін қарап», Бас Ассамблеяға «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» ұсынатын 732 (1992) қарарын бірауыздан қабылдады.
Түйеге арнап ер шапқан шебердің ер тұрманына шетелден сұраныс мол
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Төлебилік қолөнерші Құрбанәлі Ағадилов - бір шоттың көмегімен ер шауып, ер тұрман жасап жүрген азамат. Тіпті, тарихта алғаш рет түйеге ер жасап, көпшілікті таңқалдырған жанның бірі. Сондай-ақ, шебер қазіргі кезде қазақ тарихындағы ер тұрманның 23 түрін түгендеп кітап жазып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай