
Түркістан облысында халықтық жоба жүзеге асырылуда
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елімізде алғаш болып халықтық жоба жұмысы Түркістан облысында жүзеге асуда. Биыл маусым айынан бері қолға алынған жобада облыс орталығындағы бос жатқан жерлерді тұрғындар игілігіне пайдалану жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оксфорд вакцинасы коронавирусқа қарсы жоғары нәтижелілігін көрсетті
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ірі зерттеудің қорытындысы коронавирусқа қарсы Оксфорд университетінде жасалған вакцина COVID-19 белгілерінің ушығуын алдын алуда жоғары нәтижелілігін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Қостанай облысында асыл тұқымды репродуктордың құрылысы басталды
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Арқалық қаласында бес мың ірі қараға арналған бірінші деңгейдегі бордақылау алаңы салынады. Бұл туралы Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында пандемияға қарамастан, экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар іске асырылуда – Президент
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Пандемияға қарамастан, Қарағанды облысында экспорттық әлеуеті мол инвестициялық жобалар, жаңа өндіріс орындары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуропа ауруханаларында дезинфекция жасайтын роботтар пайда болады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Коронавирустың таралуына қарсы күрес және Еуропалық одаққа мүше мемлекеттерге қажетті жабдықтарды беру шаралары аясында Еуропалық комиссия дезинфекция жасайтын 200 роботты сатып алуды бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ақмолада мүмкіндігі шектеулі жандар қызметті онлайн алуды үйреніп жүр
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Халықтың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті тұрақты негізде Egov.kz портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына оқыту жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Шекарадан заңсыз өтудің жаңа түрлері пайда болды - ҚР ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік шекарасын карантиндік шектеулер кезінде заңсыз кесіп өтудің жаңа түрлері пайда болды. Мұндай ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызыл аймақта» 5 өңір қалып отыр: Асқар Мамин ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Qazaq radıosy»-на сұхбат берді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатынан соң Қазақ радиосының «Арнайы шығарылым» бағдарламасына сұхбат берді. Аймақ басшысы журналист Дулат Абибуллаевтың сұрақтарына жауап беріп, Сыр елінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сұхбаттың алғашқы сұрағы Қызылорда облысының экономикалық дамуынан басталды.

Ақмолалық студенттер ТМД ең үздік жас ғалымдар қатарынан көрінді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері ТМД ғылыми-білім беру мекемелерінің арасындағы «Ең үздік жас ғалым-2020» халықаралық жобасының қорытындысы бойынша ең үздік жас ғалым атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық саясат басқармасына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы Заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

ҚР Президенті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында болды
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатындағы мырышпен және алюминиймен қаптау цехының жұмысымен танысты. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында карантин шаралары ұзартылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Түркестан облысыныц аумағында карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Бұл туралы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында жылумен жабдықтау нысандары жаңғыртылып жатыр
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының өңірлерінде халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беретін жылумен жабдықтау объектілерін жөндеу және реконструкциялау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Барлық өңірдегі ҮЕҰ-лар белсенді жұмыс істеп жатыр - Бану Нұрғазиева
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін IX Азаматтық форум жұмысын бастады. Алғашқы Азаматтық форум 2003 жылдың 14 қазанында өтті. Осы уақыттан бастап еліміздің үшінші секторын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Қазір Қазақстанда 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бұл тұрғыда азаматтық қоғамның дамуы жайында «ҚазАқпарат» агенттігіне «Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева баяндап берді.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай