
Президент елорда сотына жаңа судьяларды тағайындады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қуанышбай Әлжіков елорданың қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттарының жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алакөлде суға бата жаздаған 16 адам құтқарылды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Биыл Алакөлдің Алматы облысындағы аумағында суға батып кете жаздаған 16 адам құтқарылды. Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері суға шомылу маусымының ең қызған шағында Алакөл көлінің жағалауында ауқымды алдын алу іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолада ескірткі саудалаған 46 жастағы әйел ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы аумағында жүргізілген жедел алдын алу шарасы барысында 1,5 келі есірткі затын «гашиш» саудалаған Степногорск қаласының тұрғыны, 46 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық жедел жәрдем бригадасы Қазақстанда үздік деп танылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем бригадасы ҚР Жедел медициналық көмек бригадаларының және қабылдау бөлімшелерінің IV республикалық жарыстарының қорытындысы бойынша үздік деп танылды. Оған еліміздің 17 аймағынан келген командалар қатысты, деп қала әкімдігінің сайты хабарлайды.

Асқар Мамин Қарағанды облысында жаңа ферроқорытпа зауытының ашылуына қатысты
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ферроқорытпалар өндіру зауытының ашылу салтанатына қатысып, тау-кен байыту кешенінің бірқатар кәсіпорнына барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барып, бірқатар нысандарды аралады. Сондай-ақ, әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсеткіштер бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қырғызстан ІІМ: Атамбаевтың елден шығуына тыйым сала алмаймыз
БІШКЕК-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігі елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың елден шығуына және елге келуіне тыйым салынбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

IFSB бас хатшысы Қазақстанда исламдық қаржыландыру мүмкіндігіне баға берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IFSB (Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі) Бас хатшысы, доктор Белло Лавал Данбатта Қазақстанда исламдық қаржылық қызметтер нарығын дамыту болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жан басына қаржыландыру: Мектептерде ата-анадан ақша жинау азайды ма
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин жан басына қаржыландыру жүйесі елорда мектептеріне бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына қалай әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің кадрлық резервіне кімдер қабылданбайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кеңейтілген отырысында агенттік төрағасы Анар Жайылғанова елімізде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру туралы айтты. Бұл жөнінде агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ақмола дәрігерлері браконьерлерден жапа шеккен қорықшының жағдайы туралы айтты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Браконьерлердің қолынан жапа шеккен «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторына Көкшетауда ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемқызметшілер БАҚ пен әлеуметтік желідегі сынға дұрыс жауап беруді үйренеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметшілер БАҚ пен әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс жауап беруді үйренеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АХҚО мен Ислам қаржыландыру кеңесі инвесторларды қорғау стандарттарын әзірлеуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен IFSB (Ислам қаржыландыру қызметі кеңесі) инвесторларды қорғау стандарттарын әзірлеуде. Бұл туралы елордада тілшілерге IFSB бас хатшысы, доктор Белло Лавал Данбатта мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш
Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтемемен.

Ұлықбек Есдәулеттің мерейтойы туған жерінде кеңінен аталып өтті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Айтулы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулетті мерейтойымен құттықтауға шығыстың шығармашылық интеллигенциясы, оқырмандар мен қоғам өкілдері түгел жиналды. Бұл мерекелік шара облыс әкімдігінің қолдауымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемқызметшілер жоғары лауазымға іріктеу конкурсының әділ өтетініне сенбейді - Анар Жайылғанова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылғы статистикаға сенсек, жоғары лауазымдарға орналасуға арналған ішкі конкурстарда мемлекеттік қызметшілердің белсенділігі төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Браконьерлер қолынан қаза тапқан Қаныш Нұртазинов жұма күні жерленеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қаныш Нұртазиновты туыстары мен жақындары жұма күні, 26 шілдеде Қарағанды облысының Жезқазған қаласында ақтық сапарға шығарып салады. Марқұмның мәйіті, алдын ала мәлімет бойынша, туған жеріне 25 шілдеде жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай