
Түркістанда қаланың дамуына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда қаланың дамуына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды. Қала басшысы Рашид Аюпов қаланың дамуына еңбегі сіңген және түрлі салада көш бастап, белсенділік көрсетіп жүрген азаматтарға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО-да «Шығыс-адалдық алаңы» жобасын іске асыру барысы талқыланды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін ШҚО-да облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері мен «Шығыс-адалдық алаңы» жобасын іске асыру барысы талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ЕАЭО: Балалар тағамы таңбалануға жататын өнімдер тізімінен алынып тасталды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – 23 желтоқсан күні өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысының қорытындысы бойынша сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын сүт өнімдерінің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ЕЭК Алқасы Төрағасының көмекшісі Ия Малкина мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі хабарлайды.

Коронавирус адам психологиясына қалай әсер етеді – психолог пікірі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазір көпті алаңдататын сұрақтың бірі – коронавирустың адам психологиясына тигізетін әсері. Осы орайда аталған тақырып төңірегіндегі сауалдарға психолог Ержан Мырзабаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай коронавирустың жаңа штаммы анықталған Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай коронавирустың жаңа штаммының анықталуына байланысты Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты. Бейсенбі күні ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Көліктегі полиция департаменті бастығының экс-бірінші орынбасары сотталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы облысының Алакөл аудандық соты ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының экс-бірінші орынбасары және «ТЭК-Қазақстан» ЖШС-нің жұмыскерлеріне қатысты үкім шығарды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Дипломмен ауылға»: Қостанай облысында 4 мың жас маман жұмысқа орналасты
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының мектептеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде 4 мыңға жуық жас маман жұмысқа алынды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде Білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында азық-түлік супермаркеттері тәулік бойы жұмыс істейді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, тұрғындарға 25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейінгі аралықта мерекелік жыйындар ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада 28 мыңнан астам мүгедек жан тұрады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында қанша мүгедек жан бар және оларды сауықтыруға арналған қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы және өзге де сұрақтарға Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жауап берді, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Мамин елорда құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласының жаңа орталығының құрылысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сот сараптама саласындағы сарапшы мен маманның мәртебесі айқындалмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның сот сараптама саласындағы сарапшы мен маманның мәртебесін айқындау жоспары алға қойылып отыр. Бұл туралы толығырақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот сараптама қызметі мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған дөңгеле үстелде М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU провосты Сергей Пен айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылы елордада мемқызмет 100% электронды түрде көрсетілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылы елордада көрсетілетін мемлекеттік қызмет толықтай электронды түрге көшпек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда Парламентаризм институты құрылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентінің жанынан Парламентаризм институты құрылды. ҚазАқпарат бұл туралы Сенат және Мәжілістің баспасөз қызметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

100-ден астам Шымкент тұрғыны сайлауда байқаушы болуға өтініш білдірді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 100-ден астам адам сайлауда бақылаушы болуға өтініш білдірген. Бұл туралы қала бойынша бейпартиялық ерікті байқаушылар штабының жетекшісі Бейсенкүл Нарымбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан облысынан мыңнан аса адам солтүстік өңірлерге қоныс аударған
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысынан ағымдағы жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1 мыңнан аса мүшесі бар 335 отбасы солтүстік өңірлерге қоныс аударған. Түркістандықтар Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары және Павлодар облысына қоныстанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай