
АӨК өңделген өнім экспорты екі есеге артады – Ауыл шаруашылығы министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнім экспортын екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.Бұл туралы IX Азаматтық форумда министр Сапархан Омаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы ағаштардың кесілуіне байланысты полиция қызметкерлері де жауапқа тартылуы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ағаштардың жаппай кесілу оқиғасына қатысты полиция қызметкерлері де жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Берік Адамов онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Румынияның стратегиялық жоспарлау және болжау саласындағы тәжірибесі талқыланды
БУХАРЕСТ. ҚазАқпарат – Бүгін Бухаресте Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның Стратегия және болжам жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Кристиан Николае Стэникэмен кездесті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда соты Қазақ көлік және коммуникация академиясын лицензиядан айыру шешімін өзгеріссіз қалдырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бас лицензиясынан айыру туралы ҚР БҒМ қаулысын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зорлық-зомбылық мәселесін шешуде ҮЕҰ әлеуетін пайдалану керек – сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зорлық-зомбылық мәселесін шешуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалану қажет. Бұл туралы IX Азаматтық форумда ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда түйе шаруашылығын дамыту және фермерлерді субсидиялау мәселелері талқыланды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Түркістан облысы бойынша филиалы елімізде түйе шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өткізді. Партия белсенділері түйе шаруашылығын дамыту мен кәсіппен айналысатын фермерлерді субсидиялау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әншілердің авторлық құқығын ұйымдар қорғауы керек - Жеңіс Сейдоллаұлы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы «ҚазАқпарат» тілшісіне елімізде орындаушылардың авторлық құқығы қалай қорғалатынын және мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың рөлі туралы айтып берді.

Жасарған жаңа буын: Nur Otan атынан Мәжіліске ұсынылған депутаттар жайлы не білеміз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Парламент Мәжілісі 107 депутаттан тұрады. Осы орынға «Nur Otan» партиясының атынан кімдердің ұсынылатыны көптің асыға күткен жаңалықтарының бірі болғаны анық. Ендеше, бұрынғы және бүгінгі сайлауды сараптай келе оқырманға партияның үміткерлері турасында қызықты мәліметтермен бөлісе отырайық.

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банк теңгенің нығаюын түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Апта басында бір долларға шаққандағы бағам 427,98 теңге болса, бүгін ұлттық валюта қыркүйек айынан бері алғаш рет 423 деңгейіне жетті. Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов валюта нарығындағы ахуалға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ құрылтайында сөйлеген сөзі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ құрылтайында сөз сөйледі. ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасай отырып Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялайды.

Әрбір сегізінші қазақстандық волонтерлік шараға қатысқан
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бір жылда республикалық орталықтар арқылы 140 мыңнан астам волонтер еңбекке тартылды. Әрбір сегізінші қазақстандық қандай да бір волонтерлік қызмет түріне атсалысқан. Бұл туралы «Birgemiz» республикалық еріктілер фронт-кеңсесінің басшысы Татьяна Миронюк IX Азаматтық форумда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетеді деп күтілуде –министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2026 жылға дейін қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесінің өкілдері – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ҚР-дағы өкілі Кэролайн Кларинваль және медициналық мәселелер жөніндегі аға кеңесші Омар Салехпен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай