
Мемлекеттік басқару академиясының кейбір мамандықтарына түсуде ағылшын тілі талап етілмейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бейіндік магистратурасына оқуға түсу талабына өзгеріс енгізілді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Алматының төменгі бөлігіндегі арық жүйесі жөнделеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда нөсер жауын жауғанда, қаланың төменгі бөлігін су басады. Осыған байланысты жыл соңына дейін 7 мекенжай бойынша арық жүйесі шұғыл түрде жөнделеді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуразиялық экономикалық форумда не айтылды - шолу
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бүгін Еуразиялық экономикалық форумы өтіп, жиынның пленарлық отырысына мемлекет басшылары онлайн- форматта қатысты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке сапары аясында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен бірге осы форумда сөз сөйледі.

Жаңа белес: Қазақстан мен Қырғызстан басшылары қандай келісімге келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан мен Қырғызстан елдерінің дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толып отыр. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы қос мемлекет барлық салада өзара байланысты нығайтуға баса назар аударып келеді. Әсіресе, экономика, мәдениет, инвестиция саласындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын артып жатыр. Мәселен, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 1 миллиард долларды құрады. Ендігі мақсат – тауар айналымын 2 миллиард долларға дейін жеткізу болып отыр.

Ресей компаниялары «Астана» қаржы орталығында жұмыс істеуге мүдделілік танытуда
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) табысты жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Бішкектегі Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БАӘ-де Қазақстан паспортын 30 күн ішінде ресімдеуге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БАӘ-де жүрген Қазақстан азаматтары ұлттық паспортты Абу-Дабидегі ҚР Елшілігінде және Дубайдағы ҚР Бас консулдығында 30 күн ішінде ресімдей алады. Бұрын бұл процедура 80 күн алатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«1-сыныпқа қабылдау үшін баланың интимдік өмірінен анықтама қажет» - ақпарат фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Telegram-арналарда балаларды мектепке бірінші сыныпқа қабылдау үшін өзге құжаттармен бірге саусақ іздерінің таңбасы және интимдік өмірі туралы анықтама талап етілетіні туралы ақпарат тарады. Stopfake.kz сайты анықтағандай, Қазақстан мектептерінде мұндай талаптар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау тұрғындары алтын құймаларын көп сатып алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәуір айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 61,3 кг алтын құймасы сатылды. Бұл наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 55,3% аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Біртановтың адвокаты судьяға қарсы шағым жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың адвокаты Нұрлан Бейсекеев сот отырысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкеновке қарсы шағым білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық ғалым әзірлеген гидрогель көмегімен 15 адамға ота жасалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық ғалымдар әзірлеген бірегей фибринді гидрогельді қолдану арқылы 15 адамға тізе буынының шеміршегін қалпына келтіру операциясы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Бүкіл елмен прагматикалық негізде жұмыс істей береміз – Мемлекет басшысы
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қазақстан Еуразиялық интеграцияның іскерлік негізде болуын қолдайды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия форумының жалпы отырысында осындай ұстаным білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әр мемлекет мәселенің өздері қажет деп есептейтін жолмен шешілгенін қалайды - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ қазіргідей күрделі геоясаяси ахуал кезінде өзінің тиімділігін көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссияның жалпы отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астаналық полицейлер қатты музыка және түнгі шумен қалай күресіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаз мезгілі келісімен қала жұртшылығы күндіз және кешқұрым үйдің терезесін ашып қоятыны белгілі. Осындай кезде даладағы қатты қойылған музыка мен көшедегі шулаған адамдар мазаны алып жатады. Осы орайда астаналықтардың тыныштығын қорғау шараларына қатысты ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне жүгінген еді.
Алматы әкімдігі жауапсыз мердігер компаниямен келісімшартты бұзды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі мегаполистегі сумен жабдықтау және су бұру құрылысына қатысты өз міндеттемелерін дұрыс атқармаған компаниямен келісімшартты бұзды. Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1,1 млн-нан астам жұмысшының жалақысы өседі – Үкімет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында екі құжат талқыланды. Осы орайда палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын қабылдады.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай