
Түркістан облысында азық-түлік бағасы бақылауда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының ұйытқы болуымен арнайы жиын болып өтті. Онда Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру және бағаның негізсіз өсуінің алдын алу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазақстанның ЕО институттарымен ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ институттарымен ынтымақтастықты дамыту перспективалары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Қазақстанға екі күндік танысу сапармен келген ЕО Кеңесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша жұмыс тобының (COEST) өкілдерімен кездесуінде талқыланды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Баянғали Әлімжановқа Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілуі мүмкін
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның мемлекет қайраткерлері мен ақсақалдары Қазақстан мәдениет қайраткері, ақын, манасшы Баянғали Әлімжановқа Қырғыз Республикасының мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері атағын беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметкерлері түрлі плакаттармен көшеге шықты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметкерлері түрлі плакаттармен көшеге шықты. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлаған мамандар ескертпелерді плакаттарға жазып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда «Карл Байпақов - археология сардары» көрмесі ашылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы орта мектепте «Карл Байпақов - археология сардары» көрмесі ашылды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі өткізген көрме Карл Байпақовтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында «Түркістанның рухани керуені» шарасы жүзеге асырылуда
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Түркістанның руxани керуені» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қырымбек Көшербаев: Сыбайлас жемқорлық - мемлекет дамуына кедергі келтіретін үлкен кесел
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өттіі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы: Назарбаев қызметінің мәні жыл өткен сайын арта түседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті, деп хабарлайды Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі.

Дариға Назарбаева жас кәсіпкерлерді қазіргі заманғы технологияларды меңгеруге шақырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы, Жастар конгресі кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева «ZHASPROJECT» жобасы аясындағы «Арманда! Ұсын! Іске асыр!» атты үздік тәжірибелердің республикалық форумына қатысты, деп хабарлайды Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі.

Президент мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Елордада Тұңғыш Президент күні қалай тойланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 желтоқсанда Қазақстанда Тұңғыш Президент күні атап өтіледі. Елордада осы мерекеге орай Елбасының жас мемлекеттің қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі туралы баяндайтын бірқатар салтанатты іс-шаралар, дәрістер, концерттер, көрмелер өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Түркияда Түркістан облысының күндері өтті
ТҮРКІСТАН–ЫСТАМБҰЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түркияда «Ыстамбұл қаласындағы Түркістан облысының күндері» шарасы өтті. Жиында кәсіпкерлерге, туризм саласындағы мемлекеттік органдарға және БАҚ өкілдеріне Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті және шетел мамандарына тең жағдай жасау министрліктің бақылауында - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға қойылатын талаптарды күшейту тұрғысынан ҚР заңнамасына бірқатар түзетулерді дайындап жатқанын айтты.

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды 104,8 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды 104,8 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жыл Қазақстан үшін өте маңызды болды – Қасым-Жомарт Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Біз Тұңғыш Президентіміз негізін қалаған дамудың стратегиялық бағдарынан айнымаймыз». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуде осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдениет және спорт министрлігінде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңесін ашу мен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандум бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай