
Елімізде «Гендерлік жобалардың кітапханасы» жасалмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымымен бірлесіп елде іске асырылған отбасылық және гендерлік саясат бағытындағы жобалардың базасын құру жұмысын қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Головкиннің DAZN-мен шартты қандай жағдайда ұзарта алатыны белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxingnews24.com сайтының журналисі Барри Холбрук IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қолданыстағы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін DAZN стримингтік сервисімен ынтымақтастықты ұзарта алады деп санайды.

Қазақстан мен Моңғолияның іскерлік кеңесі құрылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі А. Арынзаяаның тең төрағалығымен Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Танымал режиссер халықаралық қақтығыстарды реттеудегі Елбасының рөлі туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Танымал тәуелсіз кинорежиссер Радик Кудояров халықаралық қақтығыстарды реттеудегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөлін атады. Ол бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастырумен өткен халықаралық жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокстан Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалға шыққан қыздардың есімі белгілі болды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 48, 54 және 57 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шыққан қыздардың есімі белгілі болды. Ал ерлер арасында бүгін 49, 60, 69, 81 және 91 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар келесі кезеңге өту үшін шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола театрлары көрерменге онлайн форматта спектакль қойып жатыр
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Карантин көптеген адамдардың жұмысына түзетулер енгізді. Ақмола облыстық орыс драма театрының актерлері мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынғандықтан спектакльдерді көрсетуді тоқтатты. Соған қарамастан сахна қойылымдары мен шығармашылық жобаларды көрермендер интернет арқылы тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қостанай облысындағы барлық мектеп бейнебақылау жүйесімен қамтылған - әкім
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы барлық мектептер кеңжолақты интернетке қосылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұстафа Шентоп: ҚР Тұңғыш Президентінің бастамалары бүкіл әлем үшін маңызға ие
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары бүкіл әлем үшін зор маңызға ие деп санайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байқаушы: Сайлау өткізудің негізгі талабының бірі – ашықтық пен әділдік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сайлау өткізудің негізгі талабының бірі – ашықтық пен әділдік. ҚР Кәсіподақтар федерациясы байқаушыларының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық штабының мүшесі, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Зейнегүл Базанова осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына дәріс оқыды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушыларына еліміздің қазіргі өзекті даму мәселелеріне байланысты дәріс оқыды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Бурабай ауданының автомобиль жолдарына екі миллиардтан астам теңге бөлінді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Бурабай ауданының автомобиль жолдарына екі миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл қаражатқа аудан орталығының ішкі жолдары, Бурабай кентінің инфрақұрылымы жаңғыртылды. Ірі жол құрылысы мәдениет - Зеленый бор бағытында жүргізілуде. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясындағы жобаға 600 миллион теңгеден астам қаржы бағытталды. 2021 жылға да айтарлықтай қаражат қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Түркістан облысында жолдар сапасыз жөнделген
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Бәйдібек ауданыда жуырда ғана жөнделген жолдар сапасыз болып шықты. Мұндай кемшіліктер Боралдай ауылы тұрғындарының арыз-шағымы негізінде жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлауда тәуелсіз бақылаушылар саны көп болады - Әлия Әбиева
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экономикалық дағдарыс пен пандемия кезеңінде елімізге мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызды шешімдер қабылдауда тұрақтылықты сақтай алатын Парламент қажет. Бұл туралы «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Әлия Әбиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Архимед Мұхамбетов Президент сынына жауап берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде коронавирус инфекциясының жаңа жағдайларын жасыру фактісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлауға ҚР Кәсіподақтар федерациясынан 5700-ге жуық бақылаушы қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Кәсіподақтар федерациясы алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына бақылаушы ретінде 5700-ге жуық адамды белгіледі. Олар сайлаудың ашықтығы мен әділ өтуін бақылайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Әлімжанов: Елбасы – әлемдік саясаткер, түркі әлемінің абызы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем елдерінің көшбасшылары Елбасы жайында тек жақсы пікір айтып жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен онлайн өтіп жатқан халықаралық жиында Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай