
Германияда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинация жасалды
ХАЛЬБЕРШТАДТ. ҚазАқпарат – 26 желтоқсан күні Германияда коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар егілді. Екпені бірінші болып немістің Хальберштадт (Саксония-Анхальт жері) қаласындағы Қарттар үйінің тұрғыны, 101 жастағы Эдит Квойцалла алды, деп хабарлайды «Deutsche Welle» сайты dpa агенттігіне сілтеме жасап.

Жапония коронавирустың жаңа штаммына байланысты елге кіруге шектеу енгізді
ТОКИО. KYODO – ҚазАқпарат – Жапония билігі коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты шетел азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Kyodo сайтына сілтеме жасап.

Қытайда карантин күшейтіліп, Қазақстаннан жүк вагондарының шығуы қиындады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайда карантиндік шектеулердің күшейтілуіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасында жүк вагондарының кезегі қалыптасты. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Борышкердің міндеттемелері бойынша мүлкін кепілге қойғандар үшін қандай қауіп бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Fingramota Online» қосымшасына желтоқсан айында жиі келіп түскен сұрақтардың арасында қарыз бойынша кепіл мүлкін берушілер қандай жағдайларға тап болуы мүмкіндігі сұралған. Осы орайда fingramota.kz сайтында бұл сұрақтарға берілген жауап ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таиланд Конституциялық соты басшысына Қазақстанның мемлекеттік наградасы табыс етілді
БАНГКОК. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Раушан Есболатова Таиланд Корольдігі Конституциялық сотының Төрағасы Воравит Кангсаситиаммен кездесуінде «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» медалін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ Telegram-каналына сілтеме жасап.

Таразда «Хандықтықтың туын тіккен киелі өлке» кітабының тұсаукесері өтті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жүздесу барысында «Әдеби өлке» жобасы аясында «Хандықтықтың туын тіккен киелі өлке» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдер нені білуі қажет – дәрігер кеңесі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдердің денсаулығына қатысты қоғамда сан түрлі пікір бар. Сондықтан ҚазАқпарат тілшісі сала маманымен сұхбаттасып, көпті алаңдатқан сұрақтарға жауап іздеп көрген еді. Гинеколог-репродуктолог дәрігер Аяулым Қосетова індет ілмегіне іліккен жүкті әйелдердің денсаулығындағы өзгерістер мен инфекцияның алдын алу үшін жасалуы тиіс шаралар туралы айтып берді.

Брижит Бардо қоры елордадағы иесіз жануарларға арналған баспанаға грант бөлді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иесіз жануарларға арналған елордадағы «Я живой» баспанасына танымал француз актрисасы Брижит Бардо қоры атынан грант бөлінді. Бұл туралы Instagram-да «Я живой» баспанасының басшысы Елизавета Липисей жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биатлоннан Қазақстан кубогі: Ольга Полторанина жеңімпаз атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биатлоннан ел кубогінің екінші кезеңі жалғасуда. Бүгін масс-старттан ерлер 15 шақырымға, әйелдер 10 шақырымға жарысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында «Нұр жолы» кеден бекетінде жүргізушілерден пара алған маманға сот үкімі шықты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Нұр жолы» кеден бекетінде жүргізушілерден пара алған маманға сот үкімі шықты. Айыбы дәлелденген азамат 770 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеліп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпаратқа – 100 жыл: Валентина Есімбекова агенттікке қалай келгенін айтып берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл «ҚазАқпарат» агенттігінің құрылғанына 100 жыл толды. Осы айтулы датаға байланысты агенттікте көп жыл қызмет еткен ардагерлерден естелік жариялауды жөн көрдік.Біздің сауалымызға бүгін ҚазТАГ-тың (қазіргі ҚазАқпарат) корреспонденттік желісінің бұрынғы меңгерушісі Валентина Есімбекова жауап берді.

Кәмелетке толмаған балаға банкте депозит ашуға бола ма
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Fingramota Online» қосымшасына желтоқсан айында жиі келіп түскен сұрақтардың арасында кәмелетке толмаған балаға банкте депозит ашу мүмкіндігі сұралған. Осы орайда fingramota.kz сайтында бұл сұрақтарға берілген жауап ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ADAL» партиясының өкілдері Ақтау тұрғындарымен кездесті
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «ADAL» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Мақсат Толықбай мен Ләззат Шыңғысбаева, сондай-ақ партия өкілі Нұрлыбек Мұқанов Маңғыстау облысы Ақтау қаласының жұртшылығымен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде көмірсутег шикізатын пайдалануға құқық беретін алғашқы аукцион нәтижесінде бюджет 61 млрд теңгеге толықты
АҚТАУ. ҚазАқпарат- ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев елдің батыс өлкесінде орналасқан «Дұңға, «Қаражанбас», «Бозащы», «Қаламқас» кен орындарында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 9 млрд теңге жұмсалады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен өткен жұмыс кеңесі барысында азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларын ұстап тұру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық тамақтану объектілерінде кальян шегуге тыйым салынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің коронавирустың таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы жаңа қаулыда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Disney анимациялық фильмдеріндегі сүйікті әндер қазақ тілінде орындалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 желтоқсанында сағат 15:00-де «ASTANA TV» телеарнасында «Жұлдыздар шеруі» атты «Disney» киноконцерті телевизиялық форматта көрсетіледі. Онда анимациялық фильмдердегі әндер қазақ тілінде шырқалатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай