
Ақтөбеде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылданды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде тұрақтандыру қорына 2 миллиард теңге бөлінген. Оның 1 млрд теңгесіне қажетті азық-түлік қоры жасақталса, қалған 1 млрд теңгесіне айналым схемасы бойынша ақша қарызға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы: Ақмола облысында 2 мыңнан астам шара өткізіледі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Алаштың көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Эльвира Әзімова: Қамаудағылардың бұлтартпау шарасын жеңілдету керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Бас прокуратурадан қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен күзетпен ұсталып отырған жаралыларды бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұрады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық Азия – Үндістан» саммиті: Қасым-Жомарт Тоқаев қандай мәселелерді көтерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди ұйымдастырған мемлекеттер басшыларының «Орталық Азия – Үндістан» атты алғашқы саммитіне бейнебайланыс режимінде қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Эльвира Әзімова Бас Прокуратурадан тәртіпсіздіктерге қатысқандарды бас бостандығынан айыру жазасын басқа шарамен алмастыруды сұрады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Бас Прокуратурадан қаңтар трагедиясы кезінде алғаш рет қылмыс жасағандарды бас бостандығынан айыру жазасын басқа шарамен алмастыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылғандар туралы мәлімет берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Алматыдағы ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылған азаматтардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эльвира Әзімова: Қаңтар оқиғасына байланысты зейнеткерлер мен мүгедектерге де айыппұл салу фактілері бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына байланысты тергеп-тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік айыппұл тағайындалғандардың ішінде зейнеткерлер мен жұмыссыздар, мүмкіндігі шектеулі адамдар бар. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова «Хабар-24» телеарнасында өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар трагедиясы: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратураны анонимді шағымдарға құлақ асуға шақырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Бас прокуратураны қаңтар трагедиясына байланысты тергеулер бойынша түскен анонимді шағымдарға құлақ асуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар трагедиясы: Бас прокуратура тергеу кезінде күш қолдану деректерін апта сайын жариялап тұрады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас прокуратура процессуалдық іс жүргізу кезінде күш қолдану фактілері бойынша жүргізілетін тексерулердің нәтижесін апта сайын жариялап тұрады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова құзырлы органмен осындай келісімге келгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтар трагедиясы: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына азаптау мен қатыгездік туралы 20 жазбаша шағым түскен
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына азаптау мен қатыгездік туралы 20 жазбаша шағым түскен. Бұл туралы Эльвира Әзімова «Хабар-24» телеарнасында өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Мәжбүрлеу арқылы алынған дәлелдер заң алдында жарамсыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар трагедиясы бойынша қамауға алынғандардың мемлекет тарапынан берілген адвокаттардың қызмет сапасына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ә. Смайылов азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын 4 ақпанға дейін Үкіметке енгізуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеудің ережесі шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022 қаңтардың басындағы тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүлік шығынын өтеу қағидаларын белгілеген бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір күндік фирмалар, жалған декларациялар өткеннің еншісінде қалуы тиіс - Қаржы министрі кеден бекеттері жайлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан-Қытай шекарасындағы кеден бекеттерінің жұмысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай