
Самат Ғилымов ҚР ИИДМ Көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Самат Ғилымов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысын дамытуға биыл 118 млрд теңге қарастырылған – Әлихан Смайылов
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – 2022 жылы Ақмола облысын дамытуға 118 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенат төрағасы жас сарапшылармен, зиялы қауыммен «Жаңа Қазақстан» бағдарын талқылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанды демократиялық, құқықтық, әділетті, әлеуметтік мемлекет ретінде нығайтуға арналған жұмыстар Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үшінші елдермен серіктестікті кеңейту өзекті - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осынау күрделі уақытта «үшінші» елдермен және интеграциялық бірлестіктермен серіктестікті кеңейту мен тереңдетудің маңызы артып отыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күш-жігеріміз сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталуы маңызды – Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның өзара сауда айналымы 33 пайызға, экспорты 55 пайызға артты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мюнхен конференциясына қатысушылар Димаштың өнеріне қошемет көрсетті
МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Германияда өткен Digital Life Design (DLD) еуропалық инновациялық конференциясына қатысушылар Димаш Құдайбергеннің көрсеткен өнерінен кейін орындарынан тұрып, ұзағынан ду қол шапалақ соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Президент ауқымды домбыра сабағын өткізген қайраткерге алғыс білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен ауқымды домбыра сабағын өткізген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Көкшетаудағы жылу көздерін сапалы жөндеу міндеті тұр – Үкімет басшысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылумен қамтамасыз ету – Көкшетау қаласы үшін маңызды мәселелердің бірі. Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осы орайда қаладағы жылу көздерін сапалы жөндеу міндеті тұрғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Былтыр АӘК алған 51 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 51 мыңнан астам отбасы кедейлік жағдайынан шықты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы 10 жылда есірткіге тәуелді адам саны 22 пайызға өскен - БҰҰ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен нашақорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған мүдделі мемлекеттік орган өкілдері, журналистер мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаннат Дүбірова Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол ақпараттық технологиялар, статистикалық деректерді жинау және өңдеу процестерінің әдіснамасы мен автоматтандырылуы, Data менеджментті дамыту және өзгерістерді басқару мәселелеріне жетекшілік етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі сайтына сілтеме жасап.

Мажарстанда шетелдік автокөлік жүргізушілеріне жанармай нарықтық бағамен сатылады
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуроодақтың энергетика нарығында қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Мажарстан билігі шетел азаматтарына жанар-жағармай сату кезінде бағаны көтеру шарасын енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі hirado.hu сайтына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай