
Қостанай полицейлері Елбасына арналған көрме бұрышын ашты
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу қарсаңында Қостанай облысының полиция департаментінде «Ұлы тұлға есімі – Мәңгі тарих бесігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұмау тарайтын уақытта коронавирустың да белсенділігі байқала бастады - дәрігер
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Мәдеева тұмау тарайтын маусым жақындаған сайын COVID-19-дың да белсенділігі байқалып жатыр деген пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтық форум: Алматының ҮЕҰ өкілдеріне гранттар табысталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» серіктестік пен дамудың 30 жылы» атты IX Азаматтық форумының қорытындысы бойынша Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне марапаттар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тілшілер сауалы мен Цойдың жауабы: Коронавирус жайлы соңғы жаңалықтар легі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейінгі кезде тілшілердің көп күткен спикері кім десеңіз, ол – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еді. Өткен айда журналистердің алдына бір шығып, кейін көрінбей кеткен министр бүгін Орталық коммуникациялар алаңына келді. Министрге сұрақ қоюға 30 тілші жазылған екен. Екі сағатқа созылған баспасөз мәслихатында Алексей Цой мен орынбасары Ажар Ғиният, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова тілшілердің барлық сұрағына жауап беріп тарқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесі қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев қылмысқа қарсы іс-қимыл және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Степногорда алғашқы инклюзивті білімді қолдау кабинеті ашылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Степногор қаласындағы № 1 орта мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті өз есігін айқара ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстанда вакцина жасап шығару жолға қойылған жоқ – Алексей Цой
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа немесе басқа да ауруларға қарсы вакцинаны жасау өндіру ісі әлі жолға қойылған жоқ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында қатты тұрмыстық қалдық полигондары салынады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қатты тұрмыстық қалдыққа арналған жаңа полигондары салынады. Облыста 7 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Елімізді жаңа туған 124 сәби коронавирусты анасынан жұқтырған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда COVID-19 вирусынан қанша жүкті әйел емделіп жатыр? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл» партиясы ұн экспортының назардан тыс қалғанын сынға алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда дәнді дақылдарды қайта өңдейтін 270-ке жуық кәсіпорын бар, бірақ олардың толық әлеуеті пайдаланылмай отыр. Бұл мәселені «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттар партиясы көтеріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде «Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік пен өңірлердің коронавирус бойынша статистикасы неге сәйкеспейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердің коронавирус бойынша статистикасы неге сәйкеспейді? Бұл сұраққа бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент бастамалары мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа тұлғаларды ұсыну платформасына айналды - Ерлан Қарин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент бастамалары мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа тұлғаларды ұсыну платформасына айналды. Мұндай пікірді ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай