
Жезқазғанда қаза тапқан тұрғынның телефонынан кредит рәсімдеген полицейлер сотталды
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасынан қаза болған жүргізушінің ұялы телефонын ұрлаған екі полицей сотталды. Жезқазған қалалық соты ұрлық, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және алаяқтық жасады деген айыппен ұсталған бұрынғы тәртіп сақшыларына үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Британдық штамның негізгі белгілері жарияланды
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Коронавирустың британдық деп аталып кеткен жаңа штамына жөтел, қатты шаршау, тамақ пен бұлшықеттің ауыруы сияқты белгілер тән. Бірақ иіс сезгіштіктің жоғалуы бұрынғы нұсқасына қарағанда қатты байқалмайды. Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасы осындай тоқтамға келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын ЭКО жасату үшін қолдана алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасы үшін зейнетақы жинағын қолдануға рұқсат беріледі. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бішкекте жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы атап өтілді
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Бішкектегі «Манас» академиясында Халықаралық Түркі академиясының қатысуымен жыр алыбы Жамбыл Жабайұлының 175 жылдығына арналған конференция мен кітаптардың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

«Спутник V» вакцинасы иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді - маман
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу жоспарланып отыр. Бірінші жартыжылдықта 2 млн адамға вакцина салынса, екінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш екі есеге артып, 4 млн адамға жетеді. Бастапқы кезеңде ресейлік «Спутник V» вакцинасы қолданылады. Аталған вакцина қандай, халықты жаппай вакцинациялау қаншалықты маңызды және бұл туралы жетекші ғалымдар не дейді. Бұл сұрақтарға ҚазАқпарат тілшісі жауап іздеп көрді.

Коронавирус: «Ashyq» қосымшасы қоғамдық орындарға баруды қауіпсіздендіреді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен (ҚР ДСМ) бірлесіп «Ashyq» қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вакцина еккеннен кейін ғана біз пандемияны жеңе аламыз – профессор
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 ақпаннан бастап елімізде коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастайды. Вакцина алдымен қандай санаттағы адамдарға егіледі? Вакцина еккен кезде дәрігер нені ескеруі керек? Қандай жағдайда адамға вакцина егуге тыйым салынады? Вакцина не себепті ең алдымен медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге салынады? Осы және басқа да өзекті сұрақтарға Қарағанды медициналық университетінің клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, клиникалық хаттаманы әзірлеу тобының жетекшісі, медицина ғылымының докторы, профессор Бақыт Көшерова жауап берді.

«Спутник-V» вакцинасы неліктен қауіпсіз – маман пікірі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті балалар жұқпалы аурулары кафедрасының профессоры Ләззат Ералиева ақпан айында басталатын коронавирусқа қарсы вакцинацияның қауіпсіздігіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 ақпаннан бастап кейбір ескі банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау 1 ақпанда аяқталады. Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Елшісі Түркия вице-президентімен стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
АНКАРА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркияның вице-президенті Фуат Октаймен кездесу барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҰҰ Бас хатшысы: ресейлік вакцина пандемияға қарсы күресте маңызды рөл атқаруы мүмкін
БҰҰ. ТАСС-ҚазАқпарат – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) коронавирусқа қарсы шығарылған ресейлік вакцинаға барынша тез сертификат беретініне сеніп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Шахмат: Чемпиондық тәж сарапқа салынатын турнир Дубайда өтетін болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 24 қараша мен 16 желтоқсан аралығында Дубай қаласында әлемдік шахмат тәжі сарапқа салынатын матч өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Bloomberg фармацевтика маманы «Спутник V» вакцинасына баға берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Bloomberg агенттігінің фармацевтика саласындағы аға талдаушысы Сэм Фазели ресейлік «Спутник V» вакцинасын зерттей келе оның тиімділігіне сенімді болуға негіз бар екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай