
Қырғыз-тәжік кикілжіңінен қандай сабақ алуымыз керек – депутат пікірі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Андрей Линник Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында жастар арасында жұмыссыздықты жою мәселелері талқыланды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жастарды, оның ішінде NEET санатындағыларды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту бойынша өңірлік бағдарламаларды орындау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүрегі ауыратын адамдарға коронавирустың «омикрон» штамы қаншалықты қауіпті - дәрігер жауабы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Консультациялық-диагностикалық орталығының жоғары санатты кардиолог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қыстауова ҚазАқпарат тілшісіне КВИ инфекциясының жүрегі ауыратын адамдарға қаншалықты қауіпті екенін айтып берді.

Жаңа қаулы: Алматыда «Ashyk» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс уақыты белгіленбейді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Жаңа қаулыға сәйкес, Алматыда «Ashyk» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі жұмыс уақыты белгіленбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айдос Сарым: Жергілікті билікке сөзі өтпейтін мәслихаттың бары жасырын емес
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Nur Otan партиясының съезінде Мемлекет басшысы көтерген жайттар мен партия қызметін одан әрі жетілдіре түсуге қатысты ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым пікірін ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде арыздарды беру үшін мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлады.

ҚР Үкіметінің кейбір құзыреттері Индустрия министрлігініе берілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы №3 оқушылар үйінің бас бухгалтері сотталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті Алматы қаласы білім басқармасының «№3 оқушылар үйі» МКҚК бас бухгалтері Е.Л.Офицероваға қатысты аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Кемелбек Ойшыбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елдос Оразалин: Полицияның сервистік моделі халық қолайлылығы үшін жасалуда
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Елдос Оразалин полицияның сервистік моделге көшу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәжік-Қырғыз жанжалы мемлекетаралық қарым-қатынасқа еш әсер етпейді – Болат Нұрғалиев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекаралық жанжал қаншалықты қауіпті және болған жайтқа қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай? Аталған сұрақтарға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жайық өзені мемлекеттік маңыздағы су нысандарының тізіміне алынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жайық мемлекеттік маңыздағы су нысандарының тізіміне алынады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай