
Қостанай облысында карантинге қарамастан той өткізетіндер азаймай тұр
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында өңірде мониторинг топтардың жұмысы қайта күшеймек. Шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталған кезде ғана жеңілдейді. Бұл туралы облыс әкімдігі жанынан құрылған өңірлік штабтың отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Польшада іздестірушілер 56 қазақстандық майдангердің зиратын тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи мұражайына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада қаза тапқан және сонда жерленген 50-ден астам қазақстандық жауынгерлердің тізімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс минстрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таразда Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған кеш өтті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тараз қаласында «Баласағұн» орталық концерт залында белгілі композитор, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай «Шәмші - ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Желтоқсан мен қаңтарда карантин қатаңдауы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде карантин шараларын күшейту халық денсаулығы үшін тиімді болғанымен, бизнес өкілдеріне жеңіл тимейтіні анық. Әрине, қарапайым жұрт та шектеулерден шаршайды. Қалай болған күнде де сақтық шараларын қаперден шығаруға болмайды. Тәртіпке бағынып, талапты орындағаннан ұтылмайтынымыз анық. Өйткені, ең бастысы денсаулық. Бас аман болса, ортайған қазанды толтырып алармыз.

Жақын күндері вакцина келеді деп үміттенуге әлі ерте – сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты, дәлелді медицина сарапшысы Рафаиль Қыпшақбаев коронавирустың мутациясы мен кезекті толқынының алдын алу жөнінде сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пульмонолог дәрігер: Коронавируспен ауырғандар сақтық шараларын ұмытпауы керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 қарашадағы жағдай бойынша, республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті бес өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген. Республикада қазан айымен салыстырғанда қарашада КВИ-ге шалдыққандар 3,7 есе өскен. Осы орайда пульмонолог дәрігер Саттар Ералиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында коронавирус инфекциясының адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін айтып берді.

Елбасының қолынан мемлекеттік награда алған полицей тарихи кездесуді еске алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Бостандық ауданының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Елдос Абдрахимов 2015 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында сол кездегі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын. Бүгін полиция капитаны сол кездесу туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иранда физик ғалымға қастандық жасалды
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Иранда лаңкестік шабуылдан елдің Қорғаныс министрлігінің зерттеулер мен инновациялар ұйымының басшысы, ғалым Мохсен Фахризаде өлтірілді. Бұл туралы Иран Қорғаныс министрлігінің қоғаммен байланыс бөлімінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты
КИЕВ. Укринформ – ҚазАқпарат – Украинада 28 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19-ға шалдығудың 16 294 жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Максим Степанов өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат Укринформға сілтеме жасап.

«Мал құлағы саңырау» болса, адам жаны жаралы болмас
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жақында интернет сайттарында өз қызын зорлаған әкенің сотталғаны туралы ақпарат жарық көрген еді. Осыған байланысты бір оқырман «мұндай хабарларды жұртқа жариялаудың қаншалықты қажеті бар. Оқудың өзі ауыр, осындай ақпарат арқылы азғындық жарнамаланып, көбейіп жатқан жоқ па? «Мал құлағы саңырау» дейтін ел едік қой» деп хат жолдапты.

Ақкөлде 11 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші бар кінәні балаға жаппақ болды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақкөл полицейлері «Smart Aqkol-2018» бейнебақылау камерасындағы бейнежазбаның көмегімен жасөспірімді көлігімен соққан жүргізушінің кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлібек Шегебай: Абайы бар ел ешқашан адаспайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біз хабарласқанда ақын Әлібек Шегебайдың ауылынан келіп отырған беті екен. Амандық сұрасқан соң ауылдың тыныс-тіршілігінен басталған әңгімеміз өлең мен өмір жайына ұласып, заманның тынысы мен Абайдың мұрасы жайлы біраз ой бөлістік. Әлібек Шегебай Абайдың қара сөздерін қара өлеңге айналдырып, орасан зор еңбекті аяқтауға жақын қалыпты. Ұлы бабаның 175 жылдығына орай ақын қара сөзге қара өлеңнің шекпенін жауып, ұлттың рухани қазынасын толықтырып отыр.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай