
COVID-19: Әлемде 1,5 млн науқас көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 62 милионнан асып, дерттен көз жұмғандар 1 миллион 500 мыңға жуықтаған. Бұл – америкалық Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, соңғы бір тәулікте ғаламда вирус 750 мыңға жуық адамнан анықталған. Бұл – індет таралғалы бергі ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш. Дертті жұқтыру дерегінің басым бөлігі Солтүстік пен Оңтүстік Америка, Еуропа және Оңтүстік шығыс Азияда тіркеліп отыр.

Түркістандық боксшылар ел чемпионатында жүлделі орындарды иеленді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте өткен әуесқой бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Апта бойы жалғасқан тартысты бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Ноғаев Қызылорда облысының энергиямен жабдықтау жүйесімен танысты
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысындағы бірқатар энергиямен жабдықтау нысандарын аралады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Банк қандай жағдайда сіздің картаңызды бұғаттай алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Банк тауарларға төлем жасау, сондай-ақ ақшаны шешіп алу бойынша жеке тұлғаның карточкасы арқылы жүргізілетін операцияларға қандай жағдайда және қандай негіздеме бойынша толық немесе ішінара тыйым салуы мүмкін? Бұл жайында Fingramota.kz түсіндіріп береді.

Ақтөбе облысында 6 елікті атқан браконьерлер қолға түсті
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 27 қарашада шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы «Жамбыл» шекара бөлімшесінің учаскесінде елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстады. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Парижде наразылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласты
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Франция азаматтары полиция қызметкерлерін белгілі бір жағдайларда суретке және видеоға түсіруге тыйым салатын заңға наразылық білдіріп жатыр. Франция ішкі істер министрлігінің мәліметінше, акцияға 133 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай