
Президент сұхбатында барлық азаматтың көкейінде жүрген мәселелер жан-жақты талқыға түсті- сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент сұхбатында барлық азаматтың көкейінде жүрген мәселелер жан-жақты талқыға түсті. Мұндай пікірді «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Стратегиялық сараптау тобының жетекшісі Ләззат Нұрқатова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Швецияда сұрапыл дауыл он мыңдаған үйді жарықсыз қалдырды
СТОКГОЛЬМ. ҚазАқпарат - Сұрапыл «Малик» дауылы бүгін Швецияның оңтүстігіндегі Скане провинциясы мен елдің батыс жағалауында инфрақұрылымға зақым келтіріп, ондаған мың үйді электр жарығынсыз қалдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Швеция радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус: Францияда вакцина алмаған тұрғындарға емді ақылы ету ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияда коронавирусқа қарсы вакцина алмаған тұрғындарға медициналық көмекті ақылы ету ұсынылды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Тelegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалықтар Олимпиадаға аттанған спортшыларға қолдау білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалықтар Бейжіңге аттанған Қазақстанның Олимпиадалық құрамасына қолдау көрсетуде. Жас спортшылардан бастап, әлем таныған тұлғаларға дейін жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Nur Otan»-ның негізгі күнтәртібі «Жаңа Қазақстан» бағдарын құруға бағытталған – Қазыбек Майгелдинов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының негізгі күнтәртібі «Жаңа Қазақстан» бағдарын құруға бағытталған. Мұндай пікірді «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Қоғамдық процестерді зерделеу орталығының басшысы Қазыбек Майгелдинов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бердібек Сапарбаев көпөқабатты үйлер іргесіндегі дүкендерге тосыннан кіріп, бағаны тексерді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын жұмыс сапарымен аралау кезінде көпқабатты тұрғын үйлер іргесіндегі шағын дүкендерге тосыннан кіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент сұхбатынан көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап алдық – Дария Қожамжарова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрамыз десек ашықтық саясаты керек. Бұл туралы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы әуесқой ММА-да үш дүркін әлем чемпионы атанды
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Әбу-Даби қаласында ММА-дан әлем чемпионаты аяқталды. Әлем біріншілігіне 56 елден жиналған 421спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ММА-дан Қазақстан бірлескен федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирустың «омикрон» штамын үйде емдеуге болады – дәрігер
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Коронавирустың «омикрон» штамын үй жағадайында қалай емдеуге болады? Бұл сауалға Алматыдағы №11 қалалық емхананың жалпы дәрігерлік тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Назым Күшікбаева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында мүгедек балаларға, ардагерлерге көмек, қоныс аудару мәселесі қалай шешілуде
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында қанша оңалту орталығы жұмыс істейді және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары көрсетіліп отыр. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы аптада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезі өтіп, онда делегаттардың бірауыз шешімімен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия Төрағасы болып сайланды. Жалпы, осы аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Президент Жарлықтарымен бірнеше тағайындау болса, ҚР Ішкі істер министрі бірден бірнеше өңірдің Полиция департаменті басшыларын ауыстырды.

Қауіпті дерт қайта өршіді: Өскемен тұрғындары карантиндік шектеулерге қалай қарайды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазір Қазақстанда коронавирус қайта өршіп тұр. Соған орай шектеу шаралары күшейтіле түсті. Жұқпалы дерт Өскемен жұртшылығын да әбігерге салуда. Халық арасында карантин талаптарын сақтау қажеттігі жайлы түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Маска тақпағандар сауда үйлеріне, дүкендерге кіре алмайды. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге демалыс күндері тек «жасыл» статусы бар адамдар ғана келе алады. Ал бұған тұрғындар қалай қарайды? Міне, осыны білу үшін көшеде келе жатқан өскемендіктермен сөйлесіп көрдік.
Қазақстанда 8,7 млн адам коронавирусқа қарсы толық вакциналанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 182 136 адам, 2-ші компонентін 8 751 872 адам салдырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЖОО ұстазы: Бүгінгі күні қоғам мүшелеріне белсенділік жетіспейді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультеті деканының оқу ісі және әлеуметтік қызмет жөніндегі орынбасары Лейла Кудреева «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қажымұқанға татар қызы тарту еткен сүлгі Темірланда сақтаулы тұр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Күш атасы Қажымұқанға татар қызының тарту еткен сүлгісі Түркістан облысының Темірлан ауылында сақтаулы тұр. Палуанға ғашық болған бойжеткен кесте тігіп, үлкен матаға суретін салған екен. Қаншама жылдар бойы сақталып келген сүлгі бүгінде түтігіп, жіптері сөгіле бастаған. Сондықтан ағайындар ақылдаса келе құнды жәдігердің мұражайда сақталғанын жөн деп тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа шалдыққан 400-ге жуық науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 қаңтардағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 156 342 адам емделуде. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай