Руслан Дәленов: Мақсат - 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 35% жеткізу
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті қолдау мен қорғаудың бірқатар мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысында 2012 жылы ұшақ апатынан қаза тапқан шекарашыларға ескерткіш тақта қойылды
ТҮРКІСТАН ҚазАқпарат - Түркістан облысында осыдан сегіз жыл бұрын 27 әскери қызметшінің өмірін қиған АН-72 әскери ұшағы апат болған орында, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі барлық аумақтың бөлімшелерінде еске алу жиыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ордабасылық полицейлер адасып қалған 3 жасар бүлдіршінді тауып, үйіне қайтарды
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысыың Ордабасы ауданында полицейлер адасып қалған 3 жасар бүлдіршінді тауып алды. Кішкентай қыз аудан орталығы Темірлан ауылындағы саябақтардың бірінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әдемі әрі қауіпті көрініс: Гирлянда мен петарданы қалай дұрыс жағуға болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отшашу мен салют ату әдемі көрінеді, алайда олар қауіпті. Ал шыршалар, әсіресе жасандылары тез жануға бейім. Елордалық құтқарушылар азаматтарға петарда ату және иллюминация орнату кезіндегі қауіп-қатер туралы ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО-да мереке күндері тәртіпті сақтауға қанша полицей жұмылдырылады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мереке күндері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарда жүргізушілерге көмек көрсету мақсатында 500-ден астам тәртіп сақшысы кезекшілікке түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жыл: Ақтөбеде қала әкімі ауысып, дәрігер Еңбек Ері атанды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында экономикалық тұрақтылық сақталды. Өңір инвестиция тарту көрсеткіші бойынша елімізде үздік үштікке енді. Жыл ішінде шағын және орта бизнестің табысы азайғанымен, мемлекеттік қолдау еселенді. Өкініштісі, өңірде қылмыстық іс те көп тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтарды мереке күндері мас күйде көлік жүргізбеуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті қазақстандықтарды мереке күндері қарсаңында мас күйде көлік жүргізбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚазАқпаратқа 100 жылдық мерейтойына орай қазақстандық ноутбук сыйланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдық мерейтойына орай С.М. Киров атындағы зауыт өздері жасаған ноутбук сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік қолдау: 2020 жылы ерекше қадамдарды іске асыру талап етілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы коронавирус індетінің әлем елдерінде таралуына байланысты түрлі салаға ерекше ауыртпалық түсті. Бұл сынақ Қазақстанды да шарпып өткені белгілі. Індеттің салдарымен күрес бағытында Үкімет тарапынан елеулі қадамдар іске асырылды.

Қарағанды облысында дәмхана, мейрамханалар түнгі 24.00-ге дейін жұмыс істейді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Аталмыш құжатқа сай, өңірдегі қоғамдық тамақтану орталықтары 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істей алады. Сонымен қатар қаулыдағы өзгерістер оқу жылының үшінші тоқсанындағы білім алу ережелеріне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайда жүк кемесі суға батып кетті: 7 адам хабар-ошарсыз жоғалған
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Шығыс Қытай теңізінде Чжоушань қаласының маңында бортында 13 адам болған құрғақ жүк тасымалдаушы кеме суға батып кетті. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі бейсенбі күні Чжэцзян провинциясының іздеу-құтқару орталығына сілтеме жасап мәлім етті,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қордай» өткізу пункті кеңейтіліп, қайта жаңартылды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қордай» өткізу пунктін кеңейту және қайта құру жұмыстарының нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында жыл үздіктері марапатталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көріне білген азаматтар 2020 жылдың «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды. Жыл үздіктеріне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы дипломы мен «Жыл үздігі» мүсіні табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Таразда бес жылда 11 мыңнан астам адам баспаналы болады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сұлтан Өсербаев, Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Бауыржан Молдашев, Минура Божымбаева Тараз қаласындағы «Дәмдес Отау» тұрғын-үй кешенінде «Есіктен-есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Nur Otan партиясы Тараз туризмінің екінші тынысын ашуға ықпал етеді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясынан Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Орынқыз Жолдасова, Әсет Ахатаев, Жасұлан Бүлдеш «Есіктен-есікке» акциясы аясында Тараз қаласындағы «Жансая» мөлтек ауданның тұрғындарымен кездесіп, оларға Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Біржан Нұрымбетов 2020 жылды қорытындылап, қазақстандықтарды Жаңа жыл мейрамымен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбекминінің 2020 жылғы жұмысын қорытындылап, қазақстандықтарды келе жатқан 2021 жылмен құттықтап, барлық азаматтарға денсаулық, амандық және бақыт тіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістанда қылқан жапырақты ағаштардың сатылуына тосқауыл қою үшін рейдтер жүргізілуде
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында заң бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес қылқан жапырақты ағаштарды қорғау бойынша мобильді топ құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде 4 жұмысшының қазасы: Еңбек министрлігі арнайы комиссия құрды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне-Аралчинский» жерасты кенішіндегі төрт адам қаза тапқан жазатайым оқиғаның мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында «Halyqtyq Kense» жұмысын бастады
ТҮРКІСАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде тұрғындар үшін тиімді қызмет түрін көрсететін «Сервистік әкімдік» ашылды.

Индустрияландыру: Машина жасау саласында қандай жобалар жүзеге асырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Машина жасау саласын дамыту шикізаттың экономикадан инновациялық экономикаға көшудің басты көрсеткішінің бірі екендігі белгілі. Өйткені күрделі машиналар мен құралдар өндірісі экономикаға тиімді әсер етіп, оның сапалы әртараптануына жол ашады. Бұған қоса машина жасауда құрылған бір жұмыс орны автоматты түрде аралас салаларда 5-6 жұмыс орнын құратындығы да бар. Міне осыған орай елімізде машина жасау индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде айқындалған болатын.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай