
Өзбекстан сәуірдің соңына дейін ресейлік «Спутник V» вацинасының 300 мың дозасын алады
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ресейлік «Спутник V» вацинасының алғашқы 300 мың дозасы Өзбекстанға сәуір айының соңына дейін жеткізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанға Ресейден анықтамасыз келген 156 азамат шекарадан кейін қайтарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемия басталғалы бері Ақтөбе облысының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан «Жайсаң» және «Әлімбет» өткізу пункттерінде тәулік бойы санитариялық-карантиндік бақылау жүзеге асырылуда.

Ақмола облысында бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның «Облыс аумағындағы карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» қолданыстағы қаулыға өзгерістер енгізген №16 жаңа қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбек сенаторларын Қазақстанмен арадағы әуе рейстерінің бағасы алаңдатып отыр
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстандық сенаторлар Қазақстанмен арадағы әуе рейстерінің бағасы қымбат екеніне алаңдаулы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан Республикасының Олий Мәжіліс Сенатының ресми сайтына сілтеме жасап.

Лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған елорда тұрғыны ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерге жасалған мониторингі барысында лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған жас жігіт түсіп қалған видео анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентін бірқатар мемлекет басшылары Рамазан айының басталуымен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде.

Алексей Цой: Пандемия әсіресе теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерге ауыр тиіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) жоғары деңгейдегі «Баршаға арналған вакциналар» вакцинациясы проблемасына арналған кездесуіне қатысты.

Жер реформасы: жайылым жетіспеушілігі мәселесін қалай шешуге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ауылдық мекендердің малына 29 млн гектар жайылым жетіспейді. Бұл мәселені Жер реформасы жөніндегі комиссияның Экономикалық жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер комиссиясы ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға қалдыру және оны 49 жылға жалға беру мәселесін талқылап жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін мұраға беру мен 49 жылға дейін жалдау мерізмін сақтау талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Коронавирус: Алматы облысы «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің аумақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 159 науқастың жағдайы өте ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 36 757 адам короновирус инфекциясынан (36 292 КВИ+ және 465 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

«Бекіре-2021»: Браконьерлік фактілерімен 20 қылмыстық іс қозғалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бекіре-2021» акциясы барысында заңсыз ауланған 14,6 тонна балық тәркіленіп, 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлда түнде ойын-сауық мекемесінде жүрген 15 жасөспірім анықталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер 14 сәуірден «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады. Нәтижесінде ойын-сауық орындарында түнде жүрген 15 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ипотекалық қарыз алғандарға көмек көрсету мәселесі қаралды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын орындау бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және проблемалық тұрғын үй ипотекалық қарыз бойынша қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай