
Маңғыстауда Құрбан айттың бірінші күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында құрбан айт мерекесінің алғашқы күні, яғни 9 шілдеде қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстаннан бидай мен бидай ұнын сыртқа әкетуге шектеулер енгізілуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағынан бидай мен меслинді, бидай және қара бидай ұнын әкетуге квоталар енгізілуде. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Киік санын реттеу 15 қыркүйектен қолға алынуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда киік санын реттеу 15 қыркүйектен бастап, 30 қараша аралығына дейін жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бастауыш мектептер тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарына орналасуы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бастауыш сынып оқушылары тұрғын үйлердің бірінші қабатында оқуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің бүгінгі отырыста қабылдаған шешімдерінің ешқандай саяси астары жоқ – Руслан Желдібай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында осыған байланысты журналистер тарапынан сұрақтар түсіп жатқанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойды - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама таралып жатыр. Бұл – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz телеграм каналына сілтем жасап.

Никол Пашинян Түркиямен шекарасын ашу мәселесін қарастырып жатыр
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Армения премьер-министрі Никол Пашинян ведомстволарға армян-түрік шекарасын ашу жөніндегі уағдаластықты іске асыру үшін тиісті түрік құрылымдарымен жұмысты үйлестіруді тапсырды. Бұл туралы ол бүгінгі үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Құрбан айт мерекесінде ветеринарлық анықтамасы бар малды ғана сою керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығында өтеді. Елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ тұрғындар арасында СOVID-19 және жіті ішек инфекцияларының таралуына жол бермеу мақсатында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бірқатар сақтық шараларын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейжің маңында тікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш мерт болды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай астанасының маңында тікұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты. Оқиға сәрсенбі, 6 шілдеде болған. Бұл туралы бейсенбі күні Солтүстік Қытай азаматтық авиация басқармасының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Қазақстанда мектеп оқулықтарының тізімі жаңартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің электрондық нысандағы тізбесі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наурызда жаяу жолға шыққан 72 жастағы ақсақал елордаға дейін 4 мың шақырым жүріп өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашов Қазақстанды жаяу аралап жүр. Сапарын «Ұлытауға бардың ба?» деп атап, жолға биыл 31 наурызда шыққан. Бүгін саяхатшы ақсақал елордаға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық эпидемиолог халықты Құрбан айт мерекесінде топтасып жиналмауға шақырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова брифинг барысында тұрғындарды Құрбан айт мерекесі кезінде санитарлық нормаларды сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вакцинацияланған аналардан иммунитеті жоқ балалар туады - жалған ақпарат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде нәрестелер арасында тыныс алу ауруының өршуі туралы жаңалықтар сюжеті тарады. Хабарламада бұған аналарға жүктілік немесе лактация кезінде салынған COVID-19 қарсы вакцина себеп болған деп жазылған. Бұл олай емес, деп хабарлады ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

76 мың оқырманы бар телеграм канал ҰБТ сұрақтарын сатқан
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы ҰБТ-да талапкерлердің орташа балының төмен болуына тестілеудің мейлінше ашық өтуі себеп болуы мүмкін. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырауда сұйытылған газ сақтау паркіне 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай