
22 жастағы қарағандылық Telegtam арқылы есірткі сатушы болып орналасқан
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау қаласының 22 жастағы тұрғыны есірткіні жарнамалағаны үшін 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Тәртіп сақшылары жігітті ұстаған кезде одан 4 кг синтетикалық есірткі тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пандемияға байланысты Ханзада Филиппен қоштасу рәсіміне өзгеріс енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде бос патронмен қарулардан оқ атылып, 9 сәуір күні қайтыс болған Эдинбург герцогы Филиппке құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Балалар әдебиетіне жанашырлардың басын қоссақ дейміз: Ербол Бейілханмен сұхбат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана жанынан Балалар мен жасөспірімдер әдебиетін қолдау кеңесі құрылған болатын. Осынау жауапты міндеттің жұмысын үйлестіру ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық поэзия академиясының академигі Ербол Бейілханға сеніп тапсырылды. ҚазАқпарат тілшісі кеңес төрағасымен алдағы жоспарлар мен қазіргі балалар әдебиетінің жай-күйі туралы сұхбат құрды. Оқырман назарына сол сұхбатты ұсынып отырмыз.

Қаныш Сәтбаев атындағы каналда балық аулауға тыйым салынады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 15 сәуірден бастап Қарағанды облысында Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың бойында балық аулауға тыйым салынады. Уылдырық шашу кезеңіне байланысты, тыйым салу 30 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғат Мұсабаев ғарыш саласындағы басты проблемаларды атады
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр қаласында адам баласының ғарышқа алғаш ұшуының 60 жылдығына арналған салтанатты кездесу өтті. Онда ҚР Парламент Сенатының депутаты, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев саладағы проблемаларды атап өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

28 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 сәуірде Қазақстан аумағына Германия, Үндістан, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 35 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан - Теміртау трассасын басқан судың деңгейі төмендеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының құтқарушылары жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар аудандарда жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда облыстың ТЖД қызметкерлері автожолдардың екі учаскесінде су басу жағдайларын жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркия Президентінің назарын аударған қазақстандық оқушыға құрмет көрсетілді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 1-сыныпта оқитын Байжігіт есімді балақай Түркия Президентінің назарына ілігіп, арнайы сыйлығын алды. Бұған оның Режеп Тайип Ердоғанға Абай өлеңін оқу эстафетасын жолдағаны себеп болған. Жуықта талапты жас өренге Нұр-Сұлтан қаласындағы Түркия Елшілігінде құрмет көрсетілді. ҚазАқпарат тілшісіне бұл жайлы Байжігіттің әкесі Дулат Байкубенов айтып берді.

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 5 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 102 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 159 адам емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстанда жергілікті кенештерге сайлау және Конституция бойынша референдум басталды
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанда бүгін, 11 сәуір күні сағат 08.00-де жергілікті кенештерге сайлау және жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Елордада 2 мыңға жуық білім беру қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина алды
Елорда тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау бойынша белсенді науқан жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте вакцинаны медицина қызметкерлері, педагогтар мен тәртіп сақшылары алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Коронавирус: Қытайда ғимараттардың сырты үш түрлі түспен белгілене бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бразилияда жерлеу рәсімдерінің қызметкерлері коронавирустан қайтыс болушылардың көптігінен тәулік бойы жұмыс істеуге көшірілді. Бейжіңде ғимараттардың сырты үш түрлі түспен белгілене бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада күн сайын 30 мың текше метрге жуық су сорылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы қысқы маусымда қаладан 5 млн текше метрден астам қар шығарылды. Елордада су сору жұмыстарына 200-ден астам арнайы техника, яғни ассенизаторлық машиналар мен мотопомпалар жұмылдырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай