Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ардақ Зебешев инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 11:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ардақ Зебешев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Ардақ Темірханұлы 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2003 жылы М.Әуезовтің атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, ал 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2014 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша King's College London «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Warwick Business School «бизнес-әкімшілендіру» бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2003 жылы Шымкент қаласы әкімінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ұйымдастыру-кадрлық және талдау жұмысы басқармасының бас маманы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде, ҚР Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде жұмыс істеді.

2016-2018 жылдары «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы хатшылығының басшысы қызметін атқарды.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының, ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.

2019 жылғы сәуірден бастап 2020 жылғы наурызға дейін ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2020 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР СІМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары болды.

15 жылдан астам мемлекеттік қызмет өтілі бар.


Жоғары қарай