Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында ет өңдейтін кәсіпорындар туралы айтып берді

2021 жылдың 3 желтоқсан 2021 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі ет өңдейтін кәсіпорындар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өңірде қуаты жылына 20 мың тонна ет өңдейтін ет өңдеу кешенінің құрылысы аяқталуда, соның арқасында облысқа ет өнімдерінің импортын төмендету жоспарлануда («BEEF EXPORT GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 7,2 млрд теңге, 184 жұмыс орны, Қостанай қаласы).

Бұдан бөлек, «Терра» серіктестігі қуаты 7,7 мың тонна ет өңдейтін кешен салды (900 млн теңге, 95 жұмыс орны). Осы жобаларды іске асырудың арқасында шаруа және қосалқы шаруашылықтардың облыстың ірі қайта өңдеушілерімен кооперациясының жандануын ескеріліп отыр.

Сонымен қатар әкім Арқалық қаласындағы жобаға тоқталды.

Онда элеватор, құрама жем зауыты кіретін астықты қайта өңдеу кешенін іске асыруды жүргізіп жатыр, сондай-ақ «Арқалық Айдар» ЖШС 5 мың басқа арналған бордақылау алаңынан және 2,5 мың басқа арналған репродуктордан тұратын мал шаруашылығы кешені салды.

Жобаны іске асыру Арқалықта ет өңдеу бойынша тұйық циклді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығын одан әрі дамыту

үшін 3 бағыт бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда:

- әрқайсысының сыйымдылығы 1 200 бас ірі қара мал болатын, жылына 45,5 мың тонна сүт өндіретін 7 тауарлы-сүт фермасының құрылысы (48,6 млрд теңге, 583 жұмыс орны);

- Қостанайда сүт өнімдерін (сүт, айран, йогурт, ряженка және басқа да өнімдер), сондай-ақ қуаты тәулігіне 240 тоннадан асатын балалар тағамын өндіру бойынша зауыт құрылысы;

- «1 000 отбасылық ферма» бағдарламасы – бұл ауыл халқын мал шаруашылығына тарту, ауылда жұмыспен қамтамасыз ету, кооперация құру (62 млрд теңге, 600 жұмыс орны).


Жоғары қарай