Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Архимед Мұхамбетов ресейлік дәрігерлерге алғыс айтты

2020 жылдың 3 тамыз 2020 14:39

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Архимед Мұхамбетов қостанайлық медицина қызметкерлеріне кеңес беріп, практикалық көмек көрсеткені үшін Мәскеу дәрігерлерінің бригадасына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей мен Қазақстанды ежелден достық байланыс біріктіруде. Біздің өңір Ресеймен шекаралас, қарым-қатынасымыз өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген. Бір ай бұрын Свердловск және Челябілік медицина мамандары қостанайлық дәрігерлерге арналған видеолекциялар сериясын бастады. Бүгінгі күні 8 дәріс өткізілді. Екі апта бұрын, Мәскеу мэрі Сергей Собянинмен келісім аясында дәрігерлер біздің облысқа келді. Мұның бәрі табысты ынтымақтастықтың тағы бір көрсеткіші. Тек бірге, жалпы күш-жігермен, білімімізді, тәжірибемізді біріктіре отырып, біз бұл ауруды жеңе аламыз»,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, аймақта эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. Жедел жәрдем шақыртулары екі есе азайып, ауруханалардағы кереует жүктемесі төмендеген.





Жоғары қарай