Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арман Кенжеғалиев жаңа қызметке тағайындалды

2021 жылдың 26 мамыр 2021 18:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Арман Шоқанұлы Кенжеғалиев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. Арман Кенжеғалиев 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, «Қайнар» университетін, Шеффилд университетін бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — экономист, заңгер, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистр.

Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған.

2002-2003 жж. «Қазпошта» АҚ «Астана почтамты» АФ құқықтық жұмыс жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеді.

2003-2012 жж. ҚР Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.

2012-2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, консультанты.

2017-2018 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары.

2018-2020 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары, директоры.

2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Әділет министрлігінің заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.


Жоғары қарай