Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Арман Оспанов пен Расул Мирзаев Алматыда кездеседі

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 18:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен жұдырықтасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекпе-жек 6 наурыз күні Алматы аренада ACA 105 турнир аясында өтеді. Айта кетейік, Оспанов пен Мирзаев 2018 жылы 10 қарашада Мәскеуде жұдырықтасу керек болатын, алайда, қазақстандық файтер жарақатына байланысты октагонға шыға алмады.

Sherdog статистикасы бойынша, 30 жастағы Оспанов тоғыз рет жеңіп, үш рет жеңілген, ал 33 жастағы Мирзаев 18 кезедсуді өз пайдасына аяқтады, оның екеуі қазақстандық Ержанов Естановпен болды.

Оспанов кейінгі жекпе-жегінде ресейлік Алексей Полпудниковтен жеңілді. Бұл олардың үшінші жекпе-жегі еді - трилоги 2-1 есебімен Полпудниковтың пайдасына аяқталды.

фото: sportx.kz/boi-goda
Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай