Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арман Шаққалиев ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі болып тағайындалды

2020 жылдың 6 қараша 2020 15:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 6 қарашадағы шешімімен Арман Шаққалиев Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының жаңа мүшесі (министрі) болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның құзыретіне Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік мәселелері кіреді.

Арман Шаққалиев бұған дейін осы қызметті атқарып келген, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағалығына тағайындалған Серік Жұманғариннің орнына келді.

ЕЭК-тің жаңа министрінің Қазақстанның мемлекеттік билік органдарында басшылық жұмыста мол тәжірибесі бар.

Әр жылдары Арман Шаққалиев Қазақстан Республикасының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды. 2008 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының директоры болды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін ЕЭК техникалық реттеу және аккредиттеу департаментін басқарды.

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министр лауазымына тағайындалар алдында ЕЭК Қазақстан Республикасының Инвестициялар және сауда министрлігінде, Сауда және интеграция министрлігінде техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

Жоғары қарай