Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беру басталды

2021 жылдың 20 маусым 2021 12:00

ЕРЕВАН. АРМЕНПРЕСС-ҚазАқпарат – Армения Республикасында кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

Армения Республикасындағы кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беру 08:00-де басталды. Сайлау учаскелері 20:00-де жабылады.

Арменпрестің хабарлауынша, сайлауға 25 саяси күш қатысады: 21 партия және 4 блок. Бюллетеньдер нөмірлерінің реті бойынша партиялар мен блоктар:

«Әділ Армения» партиясы

«Армян ұлттық конгресі» партиясы

«Азаматтық келісім» партиясы

«Оян» ұлттық христиан партиясы

«Бостандық» партиясы

«Ғафу етіңіз» блогы

«Бңрығай Ресей» партиясы

«Бүкілармяндық ұлттық мемлекеттілік» партиясы

«Жаңарған Армения» партиясы

«Біздіңүйіміз - Армения» партиясы

«Республика» партиясы

«Армения Отаны» партиясы

«Еркін Отан» блогы

«Дамыған Армения» партиясы

Армения демократиялық партиясы

«5165 Ұлттық консервативтік қозғалыс» партиясы

«Азаматтық шешім» әлеуметтік-демократиялық партиясы

«Ширинян-Бабаджанян демократтар одағы» блогы

«Ұлттық мәселе» партиясы

«Ақиқатқа жол» партиясы

«Либералды» партиясы

«Арменияның еуропалық партиясы»

«Армения» блогы

«Ұлттық-демократиялық полюс» партиясы

«Тәуелсіз Армения» партиясы

Полиция жариялаған мәліметтерге сәйкес, Армения Республикасының сайлаушылар тізіліміне енген сайлаушылардың жалпы саны 2 миллион 578 мың 678 адамды құрайды. Сайлау учаскесінде сайлаушылар қатысатын саяси күштердің санына сәйкес бюллетеньдер алады, олардың біреуін ғана таңдап, конвертке салып, дауыс беру жәшігіне тастайды. Сайлаушылар бюллетеньдерге қаламмен ешқандай белгі қоймайды.

Кезектен тыс парламенттік сайлауда электрондық дауыс беру 11 маусымда басталып, 13 маусымда аяқталды.

Бұған дейін Армения Президенті кезектен тыс парламенттік сайлау туралы Жарлыққа қол қойғаны хабарланған болатын.


Басты сөздер: Сайлау, Армения, Әлем,
Жоғары қарай