Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арменияда коронавирус жұқтырғандар саны 25 мыңнан асты

2020 жылдың 29 маусым 2020 15:15

ЕРЕВАН. АРМЕНПРЕСС – ҚазАқпарат – Арменияда, 29 маусым күнгі мәлімет бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 25 127 адамға жетіп, оның 13 297-і жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі уақытта 11 254 адам COVID-19-дан емделіп жатыр. Жалпы вирусқа 110 571 тест алынған.

482 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркеліп, 181 науқас жазылып шықты.

Жалпы Арменияда 433 адам COVID-19-дан көз жұмған (7-ге артты).

Бұған дейін елдің премьер-министрі Никол Пашинян Армения әлем бойынша 1 млн тұрғынға шаққанда вирус жұқтырғандар саны бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын мәлімдеген болатын.

Еске сала кетсек, Арменияда 16 наурызда коронавирус инфекциясына байланысты 1 айлық төтенше жағдай жарияланған. 13 сәуірде Армения үкіметі ТЖ режимін 14 мамырға дейін ұзартты, содан кейін тағы бір айға – 13 маусымға дейін ұзартылды. Үшінші рет енгізілген Төтенше жағдай режимі 13 шілдеге дейін ұзартылды.


Басты сөздер: Коронавирус, Армения, Әлем,
Жоғары қарай