Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арменияда министрлер көшеде азаматтарға медициналық маска таратуда

2020 жылдың 24 маусым 2020 07:33

ЕРЕВАН. АРМЕНПРЕСС – ҚазАқпарат – Арменияның денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян көшеде азаматтарға маска таратуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап

Агенттіктің хабарлауынша, Торосян өзінің Facebook парақшасында Шенгавит әкімшілік ауданында маска тарату акциясын өткізіп жатқанын мәлімдеген.

«Бүгін біз азаматтарымызға маска таратамыз. Халықты маска тағуға шақырамыз. Бұл акция нәтижесін береді деп үміттенемін»,– деп атап өтті Торосян

Ереванның әртүрлі әкімшілік аудандарында маска тарату акциясын вице-премьер Мгер Григорян, полиция бастығы Ваге Казарян, премьер-министр аппаратының басшысы Эдуард Агаджанян, сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян, аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Сурен Папикян, еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Заруи Батоян мен өзге де лауазымды тұлғалар жүргізуде.

Бұған дейін азаматтарға маска тарату акциясын Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян өткізген болатын.


Басты сөздер: Әлем, Армения, Коронавирус,
Жоғары қарай