Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Армениядан әкелінген көлікті сенімхатпен  жүргізген азаматтың атына неліктен тіркеуге болмайды – ІІМ жауабы

2020 жылдың 16 маусым 2020 18:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Армениядан әкелінген көлікті сенімхат немесе сақтандыру полисімен айдап жүрген азаматтың атына неліктен тіркеуге болмайды? ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов бұл шектеудің үш себебін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуді жеңілдету үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары жексенбі күні сағат түскі бірге дейін жұмыс істейді. Сол ХҚО архивтерінде Арменияның жауапты органдарынан берілген техникалық құжаттар мен мемлекеттік нөмірлері сақталады», - деді ол ОКҚ-да «ҚР азаматтары Армениядан әкелген автомобильдерді тіркеу туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Серік Түсіпов сонымен бірге Армениядан әкелінетін көліктер бойынша полицияға жиі түсетін сұрақтарға тоқталды. Соның бірі – сенімхат немесе сақтандыру полисі арқылы көлікті жүргізген азаматтардың атына неліктен сол көлікті тіркеуге болмайды?

«Бұған дейін айтқанымдай, бұл көліктерді аталмыш азаматтардың атына тіркеуге болмайтындай бірнеше шектеу бар. Біріншіден, Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа ену туралы келісімі құжатында біздің ел мен Армения арасындағы кедендік баж айырмасы төленбейінше адам меншігінен мұндай көліктерді қайтарымсыз негізде айыруға тыйым салынған. Екіншіден, бір көлік Қазақстанның да, Арменияның да тіркеуінде тұра алмайды. Үшіншіден, Арменияның жауапты органдары беретін техникалық құжатта «адам меншігінен бұл көлікті қайтарымсыз негізде айыруға» шектеу қойылғаны» туралы жазылған», - деді ол.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Көлік, Армения,
Жоғары қарай