Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«АрселорМиттал Теміртау» 10 жылда шығарындылар көлемін 50 пайызға азайту мүмкін

2021 жылдың 14 маусым 2021 11:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің халық алдындағы есеп беру кездесуі онлайн форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуелі министр 2020 жыл мен биылғы 5 айда атқарылған жұмыстары туралы баяндама оқыды. Сол бяндамада «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен жасалған келісімдерге бөлек тоқталды.

«Қарағанды облысында қол қойылған меморандум бойынша біздің министрлік пен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында келісім жасалды. Компания 2025 жылға дейін атмосфер а лық ауаға тасталатын шығарындылардың көлемін 30 пайызға азайтуға міндет алып отыр. Сонымен қатар, теміртау қаласының айналасына 500 мың түп ағаш егіледі. 30 пайыз деген ақырғы шек емес екенін айтқым келеді. Біз қазір «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен шығарындылар көлемін 10 жылдың ішінде 50 пайызға дейін азайту туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деген Мағзұм Мырзағалиев Алматыдағы жылу-электр орталықтарының жағдайын сөз етті.

«Қалалардағы атомсфералық ауаның ластануын тежеу үшін министрлік пен қоғамдық ұйым өкілдері арқасында бірқатар компаниямен қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың көлемін азайтуы туралы келісімдерге қол жеткізді. Алматы қаласы бойынша №2 жылу-электр орталығы бойынша шешім қабылданды. Ал №3 жылу-электр орталығын газға ауыстыру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жасау басталды», - деді министр ел алдындағы есептік кездесуінде.


Жоғары қарай