Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арыс қаласында ресми жиын барысында жастар төбелесіп қалған

2021 жылдың 25 ақпан 2021 01:50

АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Арыс қаласында өткен ресми іс-шара барысында жастар төбелесіп қалған. Бұл көрініс әлеуметтік желілерге кеңінен тарап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық полицейлер әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан бұзақылық жасаған тұлғаларды анықтаған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған бейнежазба мониторинг жасау кезінде анықталған.

Оны тексеру кезінде оқиға Арыс ауданы ғимараттарының бірінде ресми іс-шара барысында орын алып, кейін көшеде жалғасқаны белгілі болды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 293-бабы бойынша тіркеген.

Артынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, төбелеске қатысушыларды тапқан.

Олар - екі оқу орнының студенттері, яғни жергілікті жастар болып шыққан.

Төбелескендер бірден полиция бөліміне жеткізілген.




«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша материалдар жиналған. Әкімшілік хаттама толтыру үшін СЭББ-ға жолданған. Сонымен қатар, бұл жайт бойынша бүгінгі күнге дейін полицияға ешкімнің арыз-шағым түспеген» делінген хабарламада.

Жоғары қарай