Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арыс пен Сарыағаштан Маңғыстауға шөп тиелген вагондар легі жөнелтілді

2021 жылдың 17 шілде 2021 21:45

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 17 шілдеде Сарыағаш және Арыс стансаларында Маңғыстау облысына 33 вагон нығыздалған шөп жіберілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде 15 вагонды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы беріп отыр.

«Мал азығын жіберу ҚТЖ серіктестері «Шыңғар Транс» ЖШС, «ПроммашKZ» ЖШС, «Integra Construction KZ» ЖШС, «Бастау Транс» ЖШС, «Ақтөбе рельсарықалық зауыты» ЖШС-ның қаржылай қолдауымен жүзеге асты. Оған қоса тағы 7 вагон жүк тиеуге дайын тұр. Оларды жөнелту жексенбіге жоспарланған», делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, қосымша вагондарға өтініш әлі де көбеюі мүмкін. Көлікпен қамтамасыз ету мен жүкті жөнелту мәселесін өтініш санына қарай біртіндеп шешімек. Сондай-ақ, вагондардың стансаларда тұрғаны үшін ешқанда ақы алынбайды.

Шымкенттік Құрмет Талапқазы Маңғыстаудағы қуаңшылыққа байланысты жем-шөп әзірлеуді бастама етіп көтерген болатын. Еріктілер Маңғыстауға көмектің алғашқы легін жеткізіп берді.

Бастама жалғасын тауып, мақтааралдықтар - 1 вагон, Жетісай ауданының тұрғындары - 74 тонна пресс шөп жөнелткен болатын. Батыстық ағайынға көмек көрсетуді шардаралықтар мен Қазығұрт ауданының тұрғындары жалғады.


Жоғары қарай