Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арыс стансасында мыңнан астам жолаушыға көмек көрсетілді

2021 жылдың 27 тамыз 2021 13:51

АРЫС. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында орын алған төтенше жағдайға байланысты темір жол қатынасы да тоқтатылғаны белгілі. Осыған орай тоғыз жолдың торабы саналатын Арыс стансасында бірнеше сағат бойы аялдап қалған мыңнан аса жолаушыға түрлі көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы N34 пойыздың 572 жолаушысы мен «Қызылорда-Көкшетау» бағытындағы N56 пойыздың 457 жолаушысы Арыс-1 темір жол вокзалында тоқтап қалған болатын.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың шұғыл тапсырмасына орай, бұл азаматтарға түрлі көмек ұйымдастырылды. Жергілікті әкімдік қызметкерлері мен Арыс-1 темір жол стансасының басшылығы, Арыс қалалық жедел жәрдем стансасының 3 бригадасы мен желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жолаушыларға керекті көмектерін көрсеткен. Жолаушыларға ас пен су ұсынылып, дезинфекция қызметкерлері санитарлық талаптардың сақталуын қамтамассыз етті.

Ал, жергілікті кәсіпкерлер Шымкент қаласына жеткісі келген жолаушылар үшін арнайы көліктер ұйымдастырды. Айта кетейік, Арыс қаласының әкімдігі жанындағы жастар ресурстық орталығының еріктілері мен «Қолғабыс» қайырымдылық қорының өкілдері жамбылдық тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету бағытында жұмыстарды бастап кетті.











Жоғары қарай