Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Арысқа жақын ауыл тұрғындары да өтемақы алатын болды

2019 жылдың 10 шілде 2019 19:24

АРЫС. ҚазАқпарат - Арысқа жақын елді мекендердің тұрғындары да өтемақы алатын болды. Бас-аяғы 55 602 тұрғынға 100 мың теңгеден жалпы 5,6 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин арыстықтарға 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы беру жөнінде тапсырма бергені белгілі.

«Бұл - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында тұрған мәселе. Осы тапсырмаға сәйкес Арыс қаласының 44 994, Ақдала ауыл округінің 4 324, Қожатоғай ауыл округінің 4 232 және Дермене ауыл округінің 2 052 тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы берілетін болды. Бұл қаражаттардың 3 млрд теңгесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен, 1 млрд теңгесі облыстық бюджеттен және арнайы құрылған «Түркістан» әлеуметтік қорына түскен қаржыдан 1,6 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде», - делінген әкімдік хабарламасында.

Жергілікті тұрғындардан құжаттарды қысқа мерзімде жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Олар ағымдағы жылдың 3-ші шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініштер жинақтауда. Бүгінгі күнге 58 207 тұрғыннан құжаттар жинақталып, бұл жалпы тіркелген тұрғынның 104,7 пайызын құрады. Аталған бағытта тиісті жұмыстар жалғасып, бекітілген мамандар келмеген тұрғындар бойынша мекенжайларына барып хабарлауда.

Төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстықтарға бағытталған бұл төлемақы екі-үш апта көлемінде төленеді деп жоспарланып отыр.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Түркістан облысы, Арыс,
Жоғары қарай