Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арыста полицейлер 150 қонақ шақырылған үйлену тойының үстінен түсті

2021 жылдың 5 тамыз 2021 13:05

АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде 150 адамды жинап үйлену тойын жасаған тұрғынды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баршаға белгілі, індет жайлағалы бері карантин режимі әр аймаққа таралу қауіпіне байланысты енгізіліп, қадағалау жұмыстары қолға алынған.

Әсіресе жаз маусымында сүндет той, үйлену той, беташар секілді жиындардың қарқын алатын кезі.

Сондықтан осындай уақыттарда індеттің тұрғындар арасында таралмауы қатаң қадағалануы тиіс.

Осы мақсатта мобильді топ мүшелерінің күндіз-түні тойханаларды тексеріп, рейдтік шараларды атқарып жатқаны бар.

Осындай жұмыстың нәтижесінде Түркістан облысы Арыс қаласында кезекті рет той анықталды.

Яғни кешкі уақытта құрамында полиция қызметкерлері бар мобильдік топ орталықтағы тойханалардың бірінде 150 адамға дастархан жайылып, енді басталып жатқан тойды тоқтатты.

Ұйымдастырылған үйлену тойының иесіне айтып, басқа да қонақтардың тойханаға келмеуі хабарланды.

Сонымен қатар заң талаптары бойынша тойхана иесі мен тойхана әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталды.

Яғни, заңды шара қабылдау үшін құжаттар тиісті басқармаға ұсынылды.

Арыстық тәртіп сақшыларының айтуынша карантин талаптары енгізілгеннен бері аумақта той-жиын ұйымдастырушылар саны азайған.

Десе де, тәртіп сақшылары тарапынан індет жойылып, шектеу шаралары алынғанша қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қадағаланып, рейд күшейтілген түрде атқарыла бермек.


Жоғары қарай