Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арыста жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 15:55

АРЫС. ҚазАқпарат – Арыста жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселесі талқыланды. Қаладағы орта мектепте өткен жиынға полицейлер мен ата-аналар және мектеп директорлары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиналыс барысында тәртіп сақшылары ата-аналарға қатаң түрде өздерінің жасөспірім балаларын түнгі сағат 23:00-ден кейін үйден шығармау керектігін ескертті. Арыс АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Н.Исабеков бұл шаралар жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жасалып жатқанын атап өтті.

«Кәмелет жасына толмағандар арасында орын алатын түрлі қылмыстарды болдырмау - барлығымызға жүктелген қызмет. Ата-ана үйде балаға жақсы тәрбие беріп бақылауы қажет. Ал, мектепте жасөспірім білім нәрімен сусындауы керек. Осылайша тиісті мекемелер қажетті шараларды іске асырса, қылмыстық оқиғалардың алдын алуға болады. Жасөспірімдер арасындағы ірілі-ұсақты құқықбұзушылықтарды болдырмауда бұндай шаралардың берері мол»,-деді полиция полковнигі.

Жиын соңында қалалық білім бөлімі қызметкерлері мен әкелер кеңесі, ата-аналар бірігіп жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бір кісідей әрекет етуге уағдаласты. Ойынхана, мейрамхана, ойын-сауық орталықтарында яғни адамдар көп шоғырланатын орындарға білім беру ұйымының қызметкерлерімен бірлесіп, түнгі рейдтік тексеру жұмыстары тұрақты түрде өткізіп тұратын болды.


Жоғары қарай