Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арыстағы жарылыстан ес жиюға «Бастау Бизнес» көмектесті – жас кәсіпкер

2021 жылдың 22 қыркүйек 2021 16:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының тұрғыны «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы Арыстағы жарылыстан кейін отбасылық бизнесін қалай ашқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бастау бизнес» бағдарламасы 5 жылдығына арналған форумда Жадыра Дүйсенхан есімді жас кәсіпкер өз кәсібін қалай бастағанын айтып берді. Бұл кәсіпкердің жасаған өнімі Түркістан, Атырау, Шымкент және Алматы қалаларындағы құрылыс компанияларының қызметкерлері тұтынып жүр.

«Мен – Арыс қаласының тұрғынымын. Жасым 24-те. Өзім екі баланың анасымын. «Бастау Бизнес» туралы алғаш рет Арыс қаласында боған жарылыстан кейін естідім. Жолдасымыз екеуміз де жұмыссыз қалған болатынбыз. Қандай іспен айналысуды білмей, ойланып жүргенде осы жоба туралы интернеттен көріп, өтініш қалдырдық. Сол өтінішіміз қабылданып, сертификатын иемдендік. Кейіннен осы сертификат арқылы өмірімізде үлкен бір жарық сәуле пайда болды десем болады. Біріншіден, өзіме деген сенімділігім артты. Дәл осындай құрылыс қолғабы сияқты үлкен күрделі жобаны таңдауыма түрткі болды», - деді жас кәсіпкер.




Оның айтуынша, кейін бұл жобасы отбасылық бизнеске айналған.

«Әу баста 2 тоқу станогымен бастасам, «2020 жылдың екінші жартысында 4,5 млн теңге көлемінде инновациялық грант алдым. Қазіргі таңда 5 станокпен 20 мың құрылыс қолғабын өндіріп отырмын. Алдағы жоспарым – 20 мың құрылыс қолғабын 100 мыңға дейін көбейту», - деді Жадыра Дүйсенхан.




















Жоғары қарай