Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Әсет Исекешев «El Umiti» бастамасының Қамқоршылар кеңесінің құрамы туралы айтты

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 22:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев «El Umiti» бастамасының Қамқоршылар кеңесінің мүшелерін таныстырды.

Бұл туралы ол өзінің Facebook -тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы бірнеше айда біздің қор Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «El Umiti» бастамасы аясындағы жобаларды белсенді түрде дамытуда. Осы жобалар арқылы біз өте маңызды міндетті орындамақпыз – яғни, дарынды оқушылар мен жастарға өз қабілетін ашуға, табысты дамудың жолын табуға, мүмкіндік бергіміз келеді. Сіздерге жобаларды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіретін «El Umiti» бастамасының Қамқоршылар кеңесін таныстырғым келеді. Оның құрамына білім беру, IT және инновация саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар кірді. Серіктестерімізге - Үкіметке, жергілікті атқарушы органдар, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшыларға - бізге жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын», деп жазды.




Сондай-ақ ол желідегі келесі посттарда «El Úmiti» бастамасының әр бағыты туралы егжей-тегжейлі жазатынын айтты.





Басты сөздер: Білім, Өнер, Қоғам,
Жоғары қарай