Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Аш қарынға шешім қабылдауға болмайды – Әлемдік баспасөзге шолу

2019 жылдың 22 қыркүйек 2019 15:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Сауд Арабиясы мұнай шабуылдарына жауап қайтаратынын айтты – ВВС




Сауд Арабиясы мұнай орындарына болған шабуылға «тиісті шаралармен» жауап қайтаратынын мәлімдеді. Сыртқы істер министрі хабарлағандай, қолданылған қару ирандікі болып шыққан және тереу нәтижелері жақында жарияланады, деп хабарлайды ВВС.

Басылымының хабарлауынша, Иран мұнай орындарына жасалған шабуылға қатысы бар екенін жоққа шығарды. Ал Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін «тиісті шаралар» қабылдайтынын жеткізді.

«Мұнай объектісіне шабуыл Цеменнен емес, солтүстіктен жасалды. Сауд Арабиясы әлем экономикасына кері әсерін тигізген бұл оқиғаға жауапты халықаралық қауымдастықты осы әрекет үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға шақырамыз», деді ол журналистер алдында.

Сауд Арабиясының қорғаныс министрлігі оқиға орнынан Иранға тиесілі ракеталар тапқанын хабарлады. АҚШ-та бұл оқиғаға Иранды кінәлап, президенті Дональд Трамп Иранға қарсы салынатын санкциялар жайлы айтты.

Аш қарында шешім қабылдауға болмайды – Die Welt




«Қарның ашып тұрған кезде супермаркеттен сауда жасау жақсы идея емес екені жиі айтылып жүр. Ғалымдардың айтуынша, аш қарынға, тіпті, шешім қабылдау да дұрыс емес», дейді неміс басылымы Die Welt.

«Данди университетінің психологтары Бенджамин Винсент пен Джордан Скрынка елу адамға эксперимент жүргізді. Қатысушылар қарны тоқ кезде және он сағаттық ашығудан кейін сұрақтарға жауап берді. Мысалы, олардан қазір ақша немесе тамақ керек пе немесе біраз уақыттан кейін екі еселеніп алуға дайынсың ба деген сұрақтар қойылды», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, қарны аш қатысушылар қысқамерзімді әрекеттерді таңдаған. «Қарны тоқ қатысушылар екі еселенген сыйлық алу үшін отыз бес күн күтуге дайын болған, ал қарны аш адамдар тек үш күн күте алатынын айтқан», дейді психолог Винсент.

Оның айтуынша, аш адам тек қазіргі сәтін ғана ойлайды.

«Алдағы уақытта артықшылық бере алатын шешімдерге емес, қазіргі күнге баса назар аудару қаржылық шешім қабылдағанда ерекше маңызды. Ал балалық шақта өзін бақылай алған балалар өмірде үлкен жетістіктерге жеткен», де йді ол.

АҚШ тұрғынының қаны көк түсті болып кетті – CNN




Ауырсынуды басатын дәріні көп мөлшерде қабылдаған америкалық азаматшаның қаны көк түсті болып кетті, деп жазады CNN .

«Тісі аурған кез келген адам ауырсынуды басуды ғана қалайды Америка Құрама Штаттарының 25 жастағы тұрғыны да соны қалады. Дегенмен, ол ұйықтар алдында ауырсынуды басатын дәріні тым көп мөлшерде қабылдаған», деп жазады басылым.

Автордың хабарлауынша, таңертең ол әліздік сезініп, дәрігерге барған. Дәргерлер одан қан алып, қанның қою көк түсті екеніне таңғалған. Науқастың тырнақтары да көк түсті болған.

«Бұған ауырсынды басатын дәрі әсер еткен. Себебі мұндай дәрілер құрамында бензокаин бар. Науқастың қанында кислород 67 % болған, негізінен 95-100 % болуы тиіс. Сол себепті қан түсі өзгерген», деп жазады автор.

Үндістанда төрт аяғы, үш қолы бар бала дүниеге келді – The Mirror





Үндістанның Тонка қаласында төрт аяғы, үш қолы бар қыз бала дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, егіз ұл мен қызды дүниеге алып келген жирыма төрт жастағы әйел негізі үшем тууы керек болған, деп жазады The Mirror басылымы.

«Негізі, әйел үшем тууы керек болған. Бірақ екі ұрық тірі қалып, біреуі қызға кірігіп кеткен. Артық қол мен аяқ қыздың ішінде орналасқан. Сонымен қатар баланың өкпесінде де кінарат бар. Дәрігерлердің айтуынша, операция арқылы артық қол мен аяқты алып тастау шаралары қарастырылып жатыр», деп жазады басылым.

Қытай журналистері емтихан тапсырады – LeFigaro




Қытай журналистері Коммунистік партияға және оның басшысына адалдығын дәлелдеу үшін емтихан тапсырады. Емтиханнан өтпеген журналистердің қызметтік куәлігі қайтарып алынады, деп жазады Францияның Le Figaro басылымы.

Басылымының хабарлауынша, 14 ресми БАҚ-та істейтін 10 мыңнан астам журналист емтихан тапсыратын болады.

«Емтихан тоқсан минутқа созылады. Емтиханның мақсаты – журналистерге Партияға және оның басшысына қызмет ететіндерін еске салу. Бұл тәжірибе бойынша емтихан смартфондар арқылы қабылданады. Емтиханнан өту үшін 120-дан 80-ге дейін балл жинау керек. Сынақтан өтпей қалғандар журналистік қызметпен қоштасып, кәсіби қызметке жіберілмейтін болады», деп жазады басылым.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, БАҚ,
Жоғары қарай