Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асхат Аймағамбетов ауыл мектебінің соңғы қоңырау салтанатына қатысып, түлектерді құттықтады

2021 жылдың 25 мамыр 2021 17:40

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Целиноград ауданының Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің соңғы қоңырау салтанатты жиынына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, Талапкер орта мектебі 2012 жылы пайдалануға берілген. Мектеп 900 орындық, қазіргі кезде онда 1865 оқушы білім алып жатыр.

Талапкерлік мектеп оқушылары әр түрлі республикалық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Биыл мектепті 75 түлек бітіргелі отыр, ал тағы 123 – 9 сыныптың оқушылары. Оның ішінде 4 «Алтын белгі», 6 үздік аттестатқа үміткерлер бар.




«Міне, оқу жылы де өз мәресіне жетті. Бұл оқу жылы барлық оқушылар мен студенттер үшін оңай болған жоқ. Дүние жүзінің білім саласы пандемия деген сынақтан өтті» – деді Асхат Қанатұлы. – Білім және ғылым министрі ретінде тағы айтқым келеді, ең мықты үздік оқушыларға, ең мықты үздік түлектерге «мұғалім» мамандығын таңдауға шақырамын. Өйткені болашақтың кілті ұстаздардың қолында. Елімізді дамыған елдердің ішіне қосамыз десек, онда бізге мықты мұғалімдер керек. Ол үшін мықты, үздік оқушылар «мұғалім» мамандығын таңдау керек. Ол үшін біз тиісті жағдай жасап жатырмыз. Мемлекет басшысының қолдауымен ұстаздардың жалақысы өсіп жатыр. Оны тағы екі есе өсіреміз. Тиісті қолдау жасап, әрі қарай тиісті жағдайды жалғастырамыз. Мұғалімге оқып жүрген студенттердің стипендиясы ең жоғары, сондықтан ең мықты түлектер мұғалім маамандығын таңдайды деп үміттенемін».

Министр түлектерден көңіл-күйін сұрап білді.

Сондай-ақ, мектеп бітірушілер алдында өзінің өмірлік тәжірибесін бөлісіп, қиындық пен қателік жасаудан қорықпау керектігін айтты.

Ата-аналар кеңесінің маңызын да атап өтті.








Жоғары қарай