Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Асхат Аймағамбетов білім саласындағы жемқорлықпен күресті бастады

2019 жылдың 2 шілде 2019 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Қазақ мемлекеттік заң университеті ғимаратында білім саласындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобалық кеңсенің ашылу рәсіміне Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев арнайы қатысып, тиісті меморандумға қол қойды.

«Бүгін біз білім саласы бойынша жобалық кеңсе ашқалы отырмыз. Жалпы, білім саласында жемқорлықпен күресті күшейтіп, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет. Өздеріңіз көріп те отырсыздар, білім саласында қазір біраз келеңсіз оқиғалар орын алуда. Білім - өте ауқымды сала. 10-15 миллион Қазақстан азаматының білім саласына қалай болса да, күнделікті қатысы бар. Тек мұғалімдердің өзі 300 мыңға жуықтайды. Білім саласында болып жатқан мәселелердің барлығы халықтың басты назарында екені белгілі. Сондықтан біз осындай шешім қабылдадық», - деді құжатқа қол қою рәсімінде Білім министрі.



null

Ал агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Қазақ мемлекеттік заң университеті еліміздегі сыбайлас жеморлықтың «иісі» де жоқ жоғары оқу орындарының бірі саналатынын баса айтты.

«Қазақстан бүгінгі таңда жемқорлықтан таза, заманауи мемлекет құруда. Заманауи елдің ең негізгі басымдығы - ашықтық, айқындық, қоғам алдында есеп беретін мемлекет түзу. Мұнан кейінгі басымдық - кәсіби, дербес, экономикалық тұрғыда ынталандырылған мемлекеттік аппарат қалыптастыру», - деді Алик Шпекбаев.




null




null


null

Жоғары қарай