Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Асхат Аймағамбетов: Оқытушы жалақасының өсуі министрліктің жұмыс нәтижесі емес

2020 жылдың 20 қазан 2020 11:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғары оқу орындары оқытушылары жалақысының көтерілуі Мемлекет басшысының арқасы. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеру мәселесін мұның алдында қарастырған болатынбыз. Жалақының өсуі өте маңызды. Жалақының өсуі ректорлар немесе министрлердің әлде министрліктің жұмыс нәтижесі емес. Біз соны дұрыстап түсіндіруіміз керек. Бұл Мемлекет басшысының берген тапсырмасының арасында мүмкін болып отыр. Біз көбінесе осы мәселені дұрыстап жеткізбейміз», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысы барысында.

Оның атап өтуінше, егер Мемлекет басшысы тапсырма беріп, бюджеттен тиісті қаражат бөлінбесе, онда жалақының өсуіне де мүмкін болмайтын еді.

«Сондықтан дұрыс ақпарат беру өте маңызды. Көбінесе осы ақпарат біздің әріптестерімізге жетпейді. Тағы да қайталап айтамын, жалақының өсуі бұл - Президенттің тапсырмасы. Ол ректордың әлде министрліктің арқасында болған шаруа емес. Осыны дұрыс қабылдап, дұрыс жеткізу керек», - деді ол.


Жоғары қарай