Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ashyq» : Ақтөбеде 200-ден астам бизнес субьектісі жұмысын кедергісіз жүргізе алады

2021 жылдың 14 сәуір 2021 22:50

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкерлер «Ashyq» қосымшасын енгізе бастады. Бұл «қызыл» аймақта кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жоба, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес иелеріне «Ashyq» қосымшасы туралы жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. QR-код арқылы адамның мәртебесін білуге болады.

«Бірінші кезекте қосымша қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мұнда кірген адам қауіпсіз деп саналады. Егер адамды тексергенде «қызыл» түс көрсетілсе, онда ол біздің орталыққа кіре алмайды. Ол ғимараттан шыққан соң бірден дезинфекциялау жұмысы жүргізіледі»,- деді фитнес орталық директоры Нұрқасым Ермаханов.

QR-код тек бизнес субъектілеріне беріледі. «Ashyq» бағдарламасына қатысушы кәсіпкер QR кодты алу үшін infokazakhstan.kz сайты арқылы өтінім береді. Жобаның талаптарына сәйкестігі расталса жеке кабинетте тест режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін код пайда болады. Қоғамдық тамақтану орындары мен кинотеатрлардың иелері алдымен профильді қауымдастыққа өтініш жіберіп, содан кейін infokazakhstan.kz сайтынан QR кодын алуы керек.

«Бұл кәсіпкерлердің өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретін және келушілер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мүмкіндік. Есеп бойынша, Ақтөбе облысында 200-ден астам кәсіпорын өз қызметін қайта бастайды. Карантиндік шаралары кезінде жұмысын тоқтатқан ШОБ иелері үшін тиімді жол, маңызды қадам. Егер бизнес жұмыс істейтін болса, бюджетке түсетін түсімдер мен басқа да міндетті төлемдер болатынын түсінуі керек», - дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Руслан Күйшінов.


Жоғары қарай