Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ashyq: Ақтөбеде 27 нысан жобадан уақытша шығарылды

2021 жылдың 16 маусым 2021 16:01

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Ashyq» жобасының талаптарын сақтамаған 27 кәсіпкерлік нысан анықталды. Олар бір де бір келушіні тіркемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келушілерді тіркемеген 27 нысан иесі енді екі апта бойы «Ashyq» жобасымен жұмыс істей алмайды.

«Кейбір кәсіпкер әлі күнге дейін «Ashyq» жобасының мүмкіндіктерін жете түсінбей, ұғына алмай отыр. Сонымен бірге талап та күшті. Кәсіпкер екі рет талапты бұзса, екі ай бойы жобадан шеттетіледі»,- дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова.

Айтып өтейік, облыс бойынша 24 нысанға «Ashyq» жобасының көшбасшылары» мәртебесі берілді.

Ереже бойынша олар өзінің жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзатты.

Сонымен бірге келушілер санын өсіре алады.

Бүгінгі таңда барлығы 488 нысан иесі «Ashyq» жобасына тіркелді


Жоғары қарай