Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ashyq қосымшасы: «Астана Аренадағы» футбол матчында бір «сары» мәртебе анықталды

2021 жылдың 24 мамыр 2021 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» қосымшасын пайдалану тәжірибесі спорт стадиондарына да таратылады. Бұл туралы Атамекен ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары «Ashyq» бойынша жұмыс істеп жатыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен, көліктегі санитарлық дәрігермен және Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп аралап шықтық, барлығы жұмыс істеп тұр. Кезек жоқ. Осы құрылған процестер мысалында «Ashyq» жобасының басқа нысандарда да таралу мүмкіндігі бар», - деді Ю. Якупбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Атап айтқанда, «Астана-Арена» стадионында матч өтті. Бұл карантиннен кейінгі алғашқы ауқымды шара, бір стадионға 6 мың адам жиналған. Оларды екі сағат бойы кіргізген және бір «сары» мәртебе анықталған.

«Азаматтардың өту процесін толығымен теңестіре алсақ, бұл тәжірибені басқа ареналарға да тарата аламыз және келушілерді 20-дан 30 пайызға дейін арттыра аламыз деп үміттенеміз», - деп атап өтті Ю. Якупбаева.

Еске сала кетсек, кеше елордадағы «Астана-Арена» стадионында жергілікті «Астана» және алматылық «Қайрат» арасында ойын өтті . Қаланың бас санитарлық дәрігерінің шешімімен ойынға «Ashyq» қосымшасы арқылы стадион сыйымдылығы 20% аспайтын көрермендердің болуына рұқсат етілді.



Жоғары қарай