Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ashyq қосымшасы қандай серверге қосылған

2021 жылдың 13 мамыр 2021 14:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq қосымшасына жүктелген азаматтардың деректері «Ақпараттық технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының серверлерінде сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Ashyq қосымшасына жүктелген ЖСН деректері қайда сақталатынын түсіндірді

«Бүгінде Ashyq қосымшасы бүкіл деректер қорымен бірге толықтай «Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы» АҚ ұлттық операторының контурында тұр. Қосымшаның әкімшісі де осы ұлттық оператордың қызметкерлері. eGov.kz сияқты мемлекеттік деректер базасын да осы орталық басқарып отыр. Ұлттық оператордың контурында қауіпсіздіктің барлық талаптары сақталған. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де мұқият ескерілген», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері Қаржы министрлігінің ЖСН деректерінің базасына қолжетімділікті шектегенін мысалға келтіріп, Ashyq қосымшасының жетекшілері бұл мәселені неге ескермегінін сұраған болатын.

«Сіздің Қаржы министрлігінің шарасын мысал ретінде келтіріп отырғаныңызды ұқтым. Бұл жерде кез келген адам қосымшаға кіріп, жұмыс істеген кезде ұлттық оператордың контурындағы серверлерге сұраным жібереді деген сөз. Яғни, ақпарат ол серверден басқа жаққа шығарылмайды», - деді вице-министр.

Әсет Тұрысов қосымшаны сүйемелдеуге бюджет қаражаты жұмсалатынын айтты.

«Қосымшаны сүйемелдеуге, серверлерді басқаруға, тіпті серверлердің өзіне қаржыландыру қажет. Әрине Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік бағдарлама әкімшісі ретінде қаржыландыратын шығар. Яғни бюджеттен белгілі бір қаражат керек болады. Оның сомасы соншалық үлкен болады деп ойламаймын. Қайталап айтайын қаржы серверлердің жұмысына және оны басқаруға керек болады», - деді ведомство өкілі.


Жоғары қарай